Қазақ тілі және әдебиеті 3-сынып 5-бөлім Өнер Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.3.8.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен

мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу

қарқынын жеделдету

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

 Сабақ мақсаттары

Мәтін тақырыбы мен сурет мазмұны бойынша болжау. Мәтінді тыңдау, ашық/жабық сұрақтарға жауап беру.

 Жетістік критерийлері

Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжап айтады.

Тақырыпқа қатысты өз ойын жүйелі жеткізеді

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.«Ыстық алақан» әдісі

Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, саусақтарын бір-бірден қосып, «Барлық істе саған сәттілік тілеймін!» деп айтады, алақандарын қосып, «Рахмет!» деп жауап береді.

) Көркем жазу минуты.

Мақсаты:Музыка, ән-күй өнері жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Дмитрий Шостакович

Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі.

Жамбыл ЖабаевАдамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән-күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар.

Сұлтанбек Қожахметов

-Балалар, қай нақыл сөз сендерге көбірек ұнаса, соны көшіріп жаза қойыңдар.

Оқушылар нақыл сөздердің мағынасын ашып, кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі етіп көшіріп жазады.

-Бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Бағалау критерийлерін анықтау.

Тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

8 минут

(Ұ)Сұрақ-жауап

-Балалар, қандай әншілерді білесіңдер?

-Қазақстанның қандай атақты әншілерді білесіңдер?

-Қандай әндер түрлерін білесіңдер?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(МК)Аудиожазбаны тыңдату

Оқушыларға Әміре Қашаубаевтың орындауындағы әнді тыңдату.Талқылау, оймен бөлісуді ұйымдастыру.

(МК,Ұ)Қосымша мәлімет

Мақсаты:Атақты әнші жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әнге, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, патриотизмге тәрбиелеу.

«Қазақ даласының бұлбұлы»

Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934 туылған) – атақты әнші, актер әрі музыкант.

Әміре Қашаубаев ән салса, өзін-өзі ұмытады. Оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Әнші әннің әр нақышын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол кісіге емес, әнге айналады. Әнін тыңдаушы болса, шабыттанып айтады. Әміре туралы:

-«Қалықтатып салғаны,

Сарыарқаның беліндей,

Қалың қазақ даласын

Әнмен залға сыйғызды.»- деп айтатын жұрт.

Оның сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы, киім киісі болашақта еркіндіктің боларын сездіреді. Әнші Әмірені көрген мемлекет қайраткері Луначарский оны «Қазақ даласының бұлбұлы» деп атаған екен.

 /мәліметті талдау, түсінгендерін анықтау/

 

(Ө,Ж)Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс

Мақсаты: Мәтінді тыңдау арқылы мазмұнын түсініп, ашық/жабық сұрақтарға жауап беру деңгейін анықтау. Оқушыларға мәтіннің тақырыбы мен сурет бойынша мәтін не туралы болатынын болжауды ұсыну.

Тақырыбы:Ән-күй үйірмесі

Сурет:

Мәтін:

Біздің мектепте ән-күй үйірмесі бар. Бұл үйірмеге әнші балалар, биші қыздар қатысады. Үйірмені ән-күй пәнін өткізетін мұғалім басқарады. Ол біздің өнерлі Мариям апайымыз.

Кеше сабақтан соң мәжіліс залында аяулы аналарымызға арналған мерекеге болды. Үйірме мүшелері концерт қойды. Концертте биші қыздар, әнші оқушылар өнерлерін көрсетті. Домбырашы Рахима «Кеңес күйін» орындады. Зағипа тақпақ оқыды. Концертке келген мұғалімдер мен ата-аналар үйірме мүшелеріне өте риза болды.

Тыңдалымнан кейінгі жұмыс:

Сұрақтарға жауап беру.

-Мәтін не туралы? _______________________________________

-Мәтінде қай үйірме туралы айтылған?_____________________

-Мәжіліс залында не өткізілді?_____________________________

-Мерекеге кімдер қатысты?________________________________

-Сенің мектебіңде қандай үйірмелер бар?

-Сен қай үйірмеге қатысасың?

-Өзің қатысатын үйірме туралы жұбыңа айтып бер.

Оқушылар жұпта отырып, берілген сұрақтарға жауап береді және дескрипторлар бойынша бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар:

- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді-1 балл

- өзі қатысатын үйірме туралы әңгімелейді-1 балл

- әңгімелеуде өз ойын жүйелі жеткізеді-1 балл

- тілдік нормаларды сақтап сөйлейді-1 балл

Барлығы-4 балл.

Аудиожазба

Сурет

Таратпа парақтар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

-Не білдік?

-Не пайдалы болды?

-Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар болды?

Бағалау

Оқушылар өздерін «Табыс баспалдағында» өз орындарын анықтау арқылы бағалайды.

Стикерлер табыс баспалдағы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушыларды мәтін мазмұнын болжап, топтық әңгіме құру жұмысына қатысуын бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу