Қазақ тілі және әдебиеті 3-сынып 5-бөлім Өнер Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Өнер

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 14.01.17

Мұғалімнің аты-жөні :

Омарова А.Е.

Сынып:

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.3.2.1 хабарландыру, қызықты оқиғалар баяндалған күнделік жазу

3.3.3.1 мұғалім көмегімен оқылған мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.4.1.3 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

 Сабақ мақсаттары

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтау; оны түсіну және түсінгенін көрсете алу.

 Жетістік критерилері

Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды; оны түсінеді және түсінгенін көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылардан көздерін жұмуды, мұғалім бейнелейтін көріністі елестетуді сұрау. Қандай сурет екендігін, онда кімдерді көргендігін, олардың не жасап жатқанын сипаттау. Мысалы: «Өзен жағасында екі ер адам отыр. Күн ыстық, олар күнге қыздырынып жатыр» деген сияқты, т.б. Сипаттама тілді қолдану. Оқушыларға ойларында пайда болған бейнені салуды ұсыну. Енді оларға суретті көрсету. Оқушылардан өз қиялдарында көрген бейнелерді суреттегі көріністермен салыстыруды сұрау. Олардың қандай да бір ұқсастықтары бар ма?

Суреттен алғашқы әсерлерін талқылау.

(Ұ) Көркем жазу минуты. Кк әріпін жазу. Көркем сөзін жазу.

Дағды қалыптастыру жаттығулары.

Сөз құрамы.

Әнші,суретші, күйші, жазушы, мұғалім, биші,зергер,ұста.

Логикалық сұрақтар

1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)

2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)

3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)

4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)

5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)

6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық

Тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың ортасы

(Ұ) Өткен сабақта зерттелген әңгімеге қатысты суретші салған немесе әңгімеде болған қызықты суретті таңдау. Әңгімеге қажетті идеяны туғызу үшін сурет мазмұнында екі не одан көп кейіпкердің және нақты детальдердің жеткілікті болуына көз жеткізу. Өнер сабағында өтілген суреттер болса, онда бұл бөлім одан да нәтижелі болуы мүмкін.

Талқылауды қыздыра түсетін сұрақтар:

Кескіндеме бір жайды естеріңе түсіре ме?

Суреттегі адамдар бір-біріне ұқсайды ма?

Кім ерекшеленеді?

Кіммен көбірек сөйлескің келер еді? Сен не айтар едің?

Мүмкіндік туса, суретшіге қандай сұрақ қояр едің?

(Ұ) Шауып келе жатқан аттардың дыбысын естірту. Дыбыста ненің дауысы естіліп тұрғанын сұрау.

(МК) Орбұлақ шайқасының суретін көрсету. Суретте не кіөріп тұрғандарын сұрау.

(ЖЖ) Суретке тірек сөздер жазу. Сурет бойынша жоспар құруды жұпта орындауға ұсыну.

(Ө) Өздігінен тірек сөздерді пайдаланып жоспар бойынша әңгіме құрастыруды ұсыну.

(Ұ) Сабақ соңында Орбұлақ шайқасы әңгімесін таратып оқушылардың жазған әңгімесімен салыстыру.

Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті.

Сабақтың соңы

Рефлексия

1. Қайдан келе жатырсыз?2. Қазақстанның қалаларын атаңыз? 3. Көңіл-күйіңіз қалай? 4. Қандай ақын-жазушыларды білесіздер? 5. Қандай тағамдарды жасайсыз? 6. Жасыңыз нешеде? 7. Қандай тілдерді білесіздер? 8. Сізге не ұнайды?9. Қандай есімдерді ұнатасыз? 10. Қазақша жақсы сөйлейсіз бе? 11. Мәтін жанрларының түрін атаңыз. 12. Кімді жақсы көресіз?13. Кіммен көп ұрысасыз?14. Гүл қайда өседі?15. Анаңызға не сыйлайсыз?16. Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу