Сиқырлы қорап жасаймын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Сынып: 2 | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Сиқырлы қорап жасаймын |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз болды... т.б.) білдіру |
Сабақ мақсаттары | Аудио-бейнежазба бойынша өз ойын білдіруге машықтану |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Негізгі терминдер мен сөзтіркестер: Сыйлық, сыйлау, құттықтау, алғыс Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
|
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, әдебиет, математика |
Бастапқы білім | Сыйлық беру жайында өлең оқимын |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 5 мин 2 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне тілектерін білдіреді. - Балалар, шеңберде тұрып, бүгін бір-бірімізге не сыйладық? /Оқушылардың жауаптары тыңдалады/. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Бағалау критерийлерін шығару. -Балалар, біз сыйлықтарды қандай мерекеде алғанды ұнатамыз? /Туған күнімізде сыйлық алғанды ұнатамыз/ - Ал, енді туған күнің қай мезгілде болады, сондай топқа бөлінеміз. /4 мезгілдегі туған күндер бойынша топқа бөлінеді/. | Слайд | ||
Ортасы 5 мин 2 мин 15 мин 3 мин 2 мин 3 мин | (Ұ) Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын өткізу. Мақсаты: өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісуге, шығарашылыққа баулу. 1,2 - топқа тапсырма: Берліген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу.Салған жеке-жеке суреттерін бір эпизод қылып қорғау. 3,4 - топқа тапсырма:Берілген бір параққа ең қымбатты сыйды кімге арнайды, соны суреттеу.Салған суреттерінен ортақ кейіпкерді таңдау. /Оқушылар өз тапсырмасын қорғап болған соң, ең қымбат сыйлық иесі және сыйлықты сыйлау эпизоды анықталады/. (Ө)Бейнежазба. Сиқырлы қорап жасаймын. Мақсаты: сыйлық салуға арналған қорап жасап үйрену, бейнежазба бойынша өз ойын ортаға салу. Оқушылар бейнежазбаны көре отырып қорап жасайды, сәндейді. (Ж) «Шебер қолдар» Мақсаты: оқушы өзі жасаған қорапты күделікті өмірде қалай не үшін қолдануға болатынын айту, өз еңбегінің жемісін қорғай білуге, қажеттілігін дәлелдей білуге дағдыландыру. Оқушылар жұп бойынша бір-бірінің сыйлығын қалай және қандай мақсатта жасағандығын және оның өмірде қажеттілігі мен қорапты сәндеу жолдарын айтып бөліседі. Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды. (Ө, Қ)Диаграмма құру. Мақсаты: Бейнежазба бойынша өз ойын /ұнады немесе ұнамады/,/пайдалы немесе пайдасыз болды/, Себебі, …/ ортаға салу, нәтиже шығару. Оқушыларға 4 түсті жолақшалы стикерлер таратылып беріледі. Оқушылар өз ойын айта отырып, немесе өз қалауы бойынша стикерді тақтада сызылған сызбаға жапсырады. Жапсырылған стикерлерден диаграмма құрылып, бейнежазба бойынша жалпы нәтиже анықталады. | Парақшалар, тапсырма жазылған қағаздар Бейнежазба Стикерлер | ||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия «Плюс, минус, қызықты» кестесі таратылып беріледі. Сабақта не жақсы істей алды «плюс» бөлімін толтырады, қиын болғанын «минус», ұнады «қызықты» бөлімін толтырады.
| кесте
| ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі | Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады | Сергіту сәті | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?