Сиқырлы тон. Үндестік заңы. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 2 сабақ


«Шаттық шеңбері» тренингі

Сабақ барысы мен сыныпқа сәттілік тілеу. Шарты: ешкім-ешкімді қайталамау керек.

Топқа бөліну

«Тон, Іліктон, Шентон, Оқалы тон» сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз атауына анықтама береді.

Үй тапсырмасын сұрау

Топ мүшелеріне үйге берілген «Сән әлемі» туралы кемінде 2 ақпаратпен бөлісу тапсырылады. Әр топтан 2 ақпарат тыңдалады. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам

Сабақ тақырыбы:

Киім. Сән. Талғам. Үндестік заңы

Оқу мақсаты:

ӘТН 2 Орфоэпиялық норма.

Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Ықпал түрлері, қарапта сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Киім киіну... «Киіміне қарап, қарсы алады; Ақылына қарап, шығарып салады» дегендей,... Қорытындылай келе...

Бағалау критерийлері

Тыңдалым материалы негізінде сөйлемдерді талқылауға қатыса алады;

Дыбыс үндестігіне сәйкес айтылым жасай алады;

Дыбыс үндестігін орнымен қолданады.

Құндылықтар

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік

1. Орфоэпиялық норма

Орфоэпиялық норма – сөздердің үндестік заңына сай дұрыс айтылуы. Үндестік заңы: буын және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі – сөздің бірыңғай жуан немес бірыңғай жіңішке болып жалғануы.

Дыбыс үндестігі дыбыстардың  бір-біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы.

Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады жамбады, жанған жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысын тіл алды дыбысын тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.

Дыбыс үндестігін ықпал деп атайды. Ықпалдың  қазақ тілінде үш түрі бар.  

1) Ілгерінді ықпал қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз

2) Кейінді ықпал – қатар келаган екі дыбыстың  соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа  әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.

3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне  ілгерінді, кейінді ықпал арқылы өзгеріске ұшырауы. Мысалы:

Жаңа сөздер

Тон түрлеріне қатысты анықтама береді.

Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Тонның түрлері: жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.

Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.

Шентон – лауазымдылық киім, мундир.

Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.

Тыңдалым алды тапсырма

– Ауыз әдебиетінің өкілі, шындықтың жаршысы, кедейдің жанашыры, өзі күлдіргі әңгіме айтып, жұртты күлдіріп жүретін, әділеттілікті жақтаушы, басында шашы жоқ, әділдікті өз хикаяларында орнатып, әлсіздің есесін қайтарып жүретін кейіпкер кім?

https://www.youtube.com/watch?v=o96H8Gm5tSc

Алдар көсе мен сиқырлы тон

С. Бейнефильмді көреді. Бейнефильм бойынша талдау жүргізеді.

Тон қандай киім?

Оқушылар топта ақылдасып, ментальді карта әзірлейді.

Тапсырма. Қазіргі тыңдайтын тыңдалымнан ықпал түрлерін ажыратып, дәптерлеріне түртіп отыру

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Жеке жұмыс. Тыңдалым материалдарының нәтижесі ретінде «Менің таңдауым» тақырыбында ақпараттық мәтін жазу.

Сөз саны – 40 сөз.

Жұптық бағалау. Бағалау критерийі:

Таңдауы, талғамы көрінеді;

Сән үлгілері туралы баяндайды;

Ықпал түрлерін дұрыс ажыратады

(2 қате кетуі мүмкін);

Құрылымдалған мәтін жазады.

Кері байланыс

1. Бүгінгі тапсырмаларда не қиындық тудырды? Неге?

2. Орындауда оңай болған жұмыс. Неліктен?

3. Әлі де үйренуім керек...

Үйге тапсырма

Ықпал түрлерін қолдана отырып, «Қысқы киім түрлері» тақырыбында мәтін құрастыру. Сөз саны – 40 сөз.

Бағалау критерийі:

Кемінде 4 кейінді, 2 тоғыспалы ықпал түрін қатыстыру керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу