Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Физика, 11 сынып, презентация.


Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

Оқу мақсаттары: 11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру.

Глоссарий/түйін сөздер

Тербеліспериодты қайталанып отыратын қозғалыс.

LC тізбегі – индуктивті катушка мен сыйымдылықты конденсатордан тұратын тізбек.

Конденсатор - оқшаулағышпен (немесе вакууммен) бөлінген екі өткізгіш. Оның мақсаты электр өрісінің энергиясы мен электр зарядын сақтау.

Индуктивті катушка – тербелмелі контурда магнит өрісін, индукциялық ток туғызып, тербелістің бағытын өзгетеді. Айнымалы ток тізбегінде индуктивті катушка кедергінің рөлін атқарады.

Еркін электромагниттік тербеліс - LC тізбегінде конденсаторды зарядтағаннан кейін, конденсатордың электр энергиясының катушканың магнит өрісінің энергиясына және кері бағытта энергияның түрленуі арқылы алынған тербеліс.

Еріксіз электромагниттік тербеліс - сыртқы мәжбүрлеуші күш - ЭҚК-інің периодты әрекетінен болатын тербеліс.

Резонансжүйенің меншікті жиілігі мен сыртқы мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артып кетуі.

Электромагниттік тербеліс – зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісі.

Білу, түсіну, еске түсіру

Егер жауаппен келіссеңіз «TRUE», келіспесеңіз «FALSE» белгісін көрсетіңіз.

1. Тербелмелі жүйедегі өшетін тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.

2. Графикте дененің тербелісі синус заңы бойынша өзгереді (бастапқы фаза нөлге тең).

3. График бойынша амплитуда 0,05 м тең.

4. График бойынша тербеліс периоды 0,01 с

5. Дене а) график бойынша амплитудасы көбірек тербеліспен қозғалады.

6. Дене а) график бойынша жиілігі көбірек тербеліспен қозғалады.

Ой түрткі (қолдану)

Тербелмелі жүйеде тербеліс пайда болу үшін не істеу керек?

а) механикалық тербеліс;

ә) электромагниттік тербеліс.

(Жауабын демонстрациялап көрсету)

Тербелмелі қозғалыстардағы механикалық және электрлік шамалардың баламалығы

Талдау

Ой қорыту (жинақтау)

Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістердегі энергиялардың түрленуі.

Бекіту (бағалау)

Электромагниттік тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

Электромагниттік тербелістердің түрлері.

Тербелмелі контур дегеніміз не?

Тербелмелі контурда энергияның қандай түрленуі болады?

Тербелмелі контурдегі процесті сипатта.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу