Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін потенциалдар айырмасы мен кернеуліктің арасындағы байланыс. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Глоссарий -түсiнiктеме сөздiк
Диэлектриктер (немесе изоляторлар) – электр тогын өткiзбейтiн заттар.
Ортаның диэлектриктiк өтімділігі – бiртектi диэлектрик iшiнде электр өрiсi кернеулiгiнiң модулi вакуумдегi өрiс кернеулiгiнiң модулiнен неше есе кем екендiгiн көрсететiн физикалық шама.
Кулон – электр зарядының бiрлiгi.
Кернеулiк сызықтары немесе электр өрiсiнiң күш сызықтары деп ол сызықтардың әрбiр нүктесiндегi жанама өрiс кернеулiгi векторының бағытымен сәйкес келетiн (беттесетiн) сызықтарды айтады.
Кернеу (потенциалдар айырымы) – зарядтың бастапқы нүктеден соңғы нүктесiне орынауыстырғанда өрiстiң электростатикалық жұмыстарының қатынасына тең шама.
Электр өрiсiнiң кернеулiгi – берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын және өрiстiң берiлген нүктедегi нүктелiк зарядына әсер ететiн күштiң осы заряд шамасына қатынасына тең векторлық шама.
Полярлық емес диэлектриктер – молекулаларындағы және атомдарындағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келетiн (беттесетiн) заттар.
Поляризация – сыртқы электр өрiсiнiң қарама-қарсы жаққа әсерлерiнен диэлектриктiң байланысқан оң және терiс зарядтарының араласуы.
Полярлық диэлектриктер – молекулалардағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келмейдi (беттеспейдi).
Потенциал – электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын және өрiстегi зарядтың потенциалдық энергиясының сол зарядқа қатынасына тең скалярлық шама.
Потенциалдық өрiс – заряд тұйықталған траектория бойымен орынауыстырғанда жұмысы нөлге тең өрiс.
Өткiзгiштер – электр өрiсiнiң әсерiнен орынауыстыруға қабiлеттi зарядталған бөлшектерi бар зат.
Эквипотенциал бет – электр өрiсiнде потенциалдары тең геометриялық нүктелер орны.
Электрлеу – нәтижесiнде денеде электр заряды пайда болатын процесс.
Электрлiк диполь – үлкен арақашықтықта модульдары бойынша тең таңбалары қарама-қарсы бiр-бiрiнен белгiлi бiр қашықтықтағы екi нүктелiк заряд жиыны ретiнде қарастыруға болатын молекула. .
Электростатикалық индукция – электр өрiсiне енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта орналасу құбылысы.
Электростатикалық өрiс – қозғалмайтын зарядтардың электр өрiсi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру