Ішкі энергия. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық. Физика, 10 сынып, презентация.
Ішкі энергия. Жұмыс.
Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық.
Қайталау сұрақтары:
Идеал газ дегеніміз не?
Идеал газ –бұл молекулалары материалдық нүктелер болып табылатын және олардың өзара әрекеттесу сипаты серпімді соқтығысулар болып келетін газ
Изопроцесс дегеніміз не?
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кездегі өтетін процесс изопроцесс деп аталады
Изопроцесс түрлерін ата?
Изопроцестер: изотермиялық, изохоралық, изобаралық
Заттағы молекула саны қалай анықталады?
Молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы неге тең?
Термодинамика – жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай, энергетикалық түрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі.
Дененің ішкі энергиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
Ішкі энергия температураға және бөлшектер санына байланысты болады. U әрпімен белгіленеді, Дж-мен өлшенеді.
Идеал газдың потенциалдық энергиясы 0-ге тең болғандықтан,
Ішкі энергия
Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есептеуге арналған формуланы қорытып шығару:
бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы
Көп атомды идеал газдың ішкі энергиясы:
мұндағы і – еркіндік дәрежесі
Сығылған газ өзінің ұлғаю процесі кезінде жұмыс жасай алады. Осы қасиетке негізделген құралдар пневматикалық деп аталады.
Газ жұмысы
Цилиндрдегі газды баяу қыздырайық. Осы кезде газ изобаралық ұлғаяды (ішкі қысым өзгеріссіз қалады), және поршень ∆l арақашықтыққа 1-ші күйден 2-ші күйге ауысады. Осы кезде газ сыртқы күштерге қарсы жұмыс жасайды.
Жылжымалы поршені бар газбен толтырылған цилиндрді қарастырайық. Цилиндр ішіндегі қысым мен сыртқы қысым тең, себебі поршень қозғалыссыз.
Изохоралық процесс кезінде газдың жұмысы нольге тең, себебі газдың көлемі өзгермейді.
ҚОРЫТЫНДЫ: газ тек қана көлем өзгерген кезде жұмыс жасайды, яғни V≠0 шарты орындалған кезде.
Газ ұлғайған кезде (∆V>0) жұмыс оң - А>0
Газ сығылған кезде (∆V<0) жұмыс теріс - А<0
Термодинамикадағы жұмыс – дене деформацияланған кезде жүйе тарапынан сол денеге түсірілген күштердің жұмысы.
Газдың жұмысы p, V координатасында қысымның көлемге тәуелді графигіндегі фигураның ауданына тең.
Газдың ұлғаюы
Газдың сығылуы
– газдың жұмысы
– сыртқы күштердің жұмысы
Газ жұмысы
1. Баллонда 10°С температурада массасы 0,5 кг гелий орналасқан. Гелийдің ішкі энергиясы қалай өзгереді, егер оның температурасы 30°С-қа дейін артса?
Жауабы. 31,2 кДж
Есептер шығару:
Дескрипторы:
Берілгенін жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ-не айналдырады;
Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын қолданады;
Формулаларды түрлендіреді;
Жауабын жазады
Берілгені: Шешуі:
2. Газға түсірілетін қысым 3∙105 Па және газдың көлемі 0,6 м3. оның көлемін 0,2 м3-қа дейін кеміткенде қандай жұмыс артқарылады?
Есептер шығару:
Дескрипторы:
Берілгенін жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ-не айналдырады;
Газ жұмысының формуласын қолданады;
Формулаларды түрлендіреді;
Жауабын жазады
Берілгені: Шешуі:
,
Жылу мөлшері
Жылу мөлшері Q (Дж) – жылу берілу кезіндегі жүйеге берілген немесе жүйеден алынған энергия. Белгіленуі – Q, [Q]=Дж
Жылу балансының теңдеуі:
Зертханалық жұмыс №4
«Қатты дененің меншікті жылусыйымдылығын анықтау»Жұмыстың мақсаты: қатты дененің меншікті жылусыйымдылығын анықтауды үйрену.
Дескрипторлары:
Қауіпсіздік техникасын сақтау
Виртуалды эксперименталды қоңдырғыны дайындау
Кестені толтырады
Математикалық түрлендірулерді жүргізеді
Қателіктерді анықтайды
Қорытынды жасайды
https://media.pearsoncmg.com/bc/bc_0media_chem/chem_sim/calorimetry/Calor.php
Үй жұмысы:
Теориялық материалмен танысу, формулаларды жаттау;
Есептерді шығару
Рефлексия.
«2 жұлдыз және 1 тілек»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру