Фотоэффект құбылысы. Физика, 9 сынып, презентация.
Жылулық сәулелену.
Абсолют қара дене.Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.
Егер, мысалы, электр шамының вольфрам қылы 3000°С-қа дейін қыздырғанда көзге көрінетін ақ жарық шығады. Ал оның температурасы төмендеген сайын денелер көрінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады.
Егер денелердің температурасы тым жоғары болса, олар көрінбейтін ультракүлгін сәулелер шығарады.Параболоидтік айнаға вольфрамнан жасалғанспираль қылын орнатып, оны электр тогымен инфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп өыздырайыө. Оған қарама-қарсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғақ мақта іліп қояйық,ол белгілі бір уақыттан кейін өз-өзінен тұтанып жана бастайды. Бұдан денелердің жылулық электромагниттік сәулелерді шығарып қана қоймай, жұта да алатынын көреміз. Ал қара түсті денелер сәулелерді көбірек жұтады.
Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.
Эксперименттік зерттеулер дененің температурасы көтерілген сайын өысқа толқындағы сәуле шығарулардың да үлесі арта беретінін көрсетеді. Температура жоғары болған сайын сәулелік энергияның жалпы мөлшері де күштірек өсе түседі, яғни қисық барған сайын биікірек орналасады.
Қорытынды:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру