Векторлар және оларға қолданылатын амалдар. Координаталық остегі векторлардың проекциясы. Проекциялармен амалдар жүргізу. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.
ТМ 2
№1. Суретте бес материалдық нүктенің орын ауыстырулары көрсетілген. Орын ауыстыру векторларының координата осьтеріне проекцияларын табыңдар.
№2. Суретте материалдық нүктенің А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстыру траекториясы көрсетілген. Нүктенің қозғалыс басындағы және соңындағы координаталарын, орын ауыстырудың координат осьтеріне проекцияларын, орын ауыстыру модулін табыңдар.
№3. Суретте материалдық нүкте қозғалысының ABCD траекториясы көрсетілген. Нүктенің қозғалыс басындағы және соңындағы координаталарын, орын ауыстырудың координат осьтеріне проекцияларын, орын ауыстыру модулін табыңдар.
№4. Дене координаталары х1=0, у1=2м нүктеден координаталары х2=4 м, у2= -1 м болатын екінші нүктеге орын ауыстырды. Сызбасын салып, орын ауыстыруды және оның координат осьтеріне проекцияларын табыңдар.
№5. Тікұшақ горизонталь түзу бойымен 40 км ұшып, 900 бұрышқа бұрылып тағы да 30 км ұшты. Тікұшақтың жолын және орын ауыстыруын анықтаңдар.
№6. Жоғалып кеткен парашютші туралы есеп.
Парашютист самолеттен төмен жерге қарай 4 м/с жылдамдықпен құлады, бір уақытта жел тұрып, парашютист 3 м/с жылдамдықпен жанға қарай қозғала бастады. Егер парашютшінің еркін түсу уақыты 3 минут болса, онда оның түскен орнын анықтаңыз..
7. Доп 3 м биіктіктен құлап, еденнен кері ыршиды және 1 м биіктікте қағып алынады. Доптың жолын және орын ауыстыруын табыңыз.
*8. Қайық солтүстік-шығыс бағытта 2 км, содан соң солтүстікке қарай 1 км жол жүрді. Геометриялық жолмен қайықтың орын ауыстыруын және жолын есептеңдер..
*9. Саяхатшылар алдымен 400 м солтүстік-батысқа, содан соң 500 м шығысқа және соңында 300 м солтүстікке жүрді. Геометриялық жолмен саяхатшылардың орын ауыстыруын және жолын есептеңдер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру