Векторлар және оларға қолданылатын амалдар. Координаталық остегі векторлардың проекциясы. Проекциялармен амалдар жүргізу. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1А Векторларға амалдар қолдану | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Векторлар және оларға қолданылатын амалдар. Координаталық остегі векторлардың проекциясы. Проекциялармен амалдар жүргізу | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы:
Көптеген оқушылар: -векторлардың құраушыларын қосу және азайту амалдардын жүргізе алады. Кейбіреуі: векторларға және олардың құраушыларына байланысты есептерде математикалық аппаратты қолдана алады. | |
Жетістік критерийлері | Векторларға қолданылатын амалдарды білу. Векторларға қолданылатын амалдарды тапсырмаларды орындауда қолдану | |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Скаляр шама, векторлық шама, ветордың проекциясы, күш, вектор, қосу, бағыт, вектордың модулі, масштаб Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер: Векторларды екі әдіспен жіктей алады ... Вектордың сандық мәнін анықтауда ... Векторлық шама скаляр шамадан өзгешеленеді ... Қорытқы векторды анықтаудың қандай жағдайында Пифагор теоремасы қолданыылады? Косинустар теоремасын білесіздер ме? Оны қандай жағдайларда қолданады? | |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық және бірігіп жұмыс жасай алу. | |
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс векторлар тақырыбы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |
Бастапқы білім
| 7 сынып физика курсынан физикалық шамалар, вектор және скаляр шамалар | |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
1-3 | 1 сабақ 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Сабақ мақсатын анықтау. W Физика кабинетінде және мектепте қауіпсіздік ережесін оқушылардың естеріне түсіру | Презентация | ||||||||||||||||
3-5 5-15 | I Ой қозғау. Екі бағанға скаляр және векторларға тиісті физикалық шамаларды жазыңдар.
W Құрылған кестенің негізінде материалды қайталау:
Қорытынды жасау | Дәптерге векторлық және скалярлық шамаларды бағандарға бөліп жазу | ||||||||||||||||
15-35 35-40 | W Жаңа материал. 1.Вектор. Векторларды қосу, және азайту (T/D) Мұғалім оқушылардан бір-біріне қарама -қарсы немесе бір бағытта, әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын екі машина қандай жылдамдықпен бір-біріне жақындайтындығын сұраңыз. Бұған сыныпта бір- біріне қарама- қарсы және бір бағытта жүретін оқушылар арқылы мысал көрсетілуі мүмкін. Бұл бізге салыстырмалы жылдамдықтың модулін табу үшін жылдамдықтарды қосу немесе азайту амалдары қажет екендігін көрсетеді. Содан кейін мұғалім векторды азайту амалы оған таңбасы теріс векторды (қарсы бағыттағы векторды) қосу болып табылатындығын түсіндіруі мүмкін. 2. Векторларды үшбұрыш және параллелограмм ережелері бойынша қосу (Іс-әрекеттер мұғалімнің тақтада немесе презентациясы арқылы және оқушылардың дәптерге түсіруі арқылы жүргізіледі) 3. Векторлық және скалярлық жылдамдық арасындағы айырмашылықты түсіндіру. 4. Векторлардың координаталық осьтерге проекциялары. G, I Таратпа материалмен жұмыс | Презентация ТМ 1 | ||||||||||||||||
40-77 | G Таратпа материал бойынша жұмыс Жоғалып кеткен парашютші туралы есеп. Парашютист самолеттен төмен жерге қарай 4 м/с жылдамдықпен құлады, бір уақытта жел тұрып, парашютист 3 м/с жылдамдықпен жанға қарай қозғала бастады. Егер парашютшінің еркін түсу уақыты 3 минут болса, онда оның түскен орнын анықтаңыз.. | ТМ 2 | ||||||||||||||||
78-80 | Рефлексия Сіздердің сабақ бойынша күйіңізге сәйкес келетін стикерге аты-жөндеріңді жазыңдар. Жасыл – жақсы қабылдадым, материал түсінікті Сары – кішкене түсіндім Қызыл – маған көмек керек Үй жұмысы
| Түрлі –түсті стикерлер | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру