Тұрақты магниттер. Магнит өрісі. Зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу». Физика, 8 сынып, презентация.


Компас

Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі.

Жердің магнит өірісі.

Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаты:

8.4.3.1 – магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

Табиғи магниттер.

FeO (31%)+Fe2O3(69%) тұратын магниттік теміртас (магнетит) болып табылады

Жасанды магниттер -

болат, никель, кобальт.

Табиғи магнит – магниттік теміртас (магнетит)

«Магнит» сөзі, маңынан темір кені табылған Кіші Азиядағы Магнезия қаласының атауынан шыққан.

Тұрақты магниттер

N – магниттің солтүстік полюсі

S – магниттің оңтүстік полюсі

Тұрақты магниттер немесе қарапайым магниттер магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады.

Таға тәрізді магнит

Жолақ магнит

N

S

S

S

N

Магниттің екі полюсі бар: солтүстік және оңтүстік

Магниттік полюстер тек жұптасып жүреді.

Вильям Гильберт (1540-1603)

магниттің әр түрлі бөліктері әр түрлі тарту күшіне ие болады; бұл күш оның полюстерінде басымырақ болады;

магниттің екі полюсі бар: солтүстік және оңтүстік;

әр аттас полюстер тартылады, ал аттас полюстер тебіледі;

жіпке ілінген магнит, кеңістікте солтүстік және оңтүстікті көрсетіп орналасады;

бір полюсі бар магнитті алу мүмкін емес;

жер шары — үлкен магнит;

магниттер өздерінің әсерін шыны, тері және су арқылы бере алады.

1269 ж. магниттің қасиеттерін ғылыми түрде зерттеген ғалым Петр Перегрин болатын. Ал 1600 ж. ағылшын ғалымы Вильям Гильберттің «Магнит хақында» деген шығармасы жарық көрді.

3. Тәжірибелік жұмыс

1-жұп

Құралдар: металл қағаз қыстырғыштар (скрепки), магниттер

(жолақ және таға тәрізді магниттер).

Жолақты магнитті алып, бірнеше қағаз қыстырғышты магниттің дәл ортасына, яғни қызыл және көк бөліктердің арасындағы шекараға апарыңыз. Магнит қағаз қыстырғыштарды тарта ма?

Қағаз қыстырғыштарды магниттің ортасынан бастап әр жеріне жақындатыңыз. Ең көп магниттік тартылу магниттің қай жерінде? Осы тәжірибені таға тәрізді магнитпен қайталаңыз.

Қорытынды жасаңыз.

Магниттің қасиеттері

2 –жұп

Құралдар: магнит, әр түрлі материалдардан жасалған заттар.

Магнитті әр түрлі материалдан жасалған заттарға жақындатыңыз, олардың барлығы магнитке тартылады ма?

Қорытынды жасаңыз.

Магниттің қасиеттері

3-жұп

Құралдар : ине, қағаз қыстырғыштар (скрепки), магнит.

Инені алып, оны қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Инеге қағаз қыстырғыштар жабысады ма?

Инені магнитке бір бағытта үйкеп, содан соң қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Скрепкалар жабысады ма?

Қорытынды жасаңыз.

Магниттің қасиеттері

4-жұп

Құралдар: магнит және магниттік тілше.

Магнитті алдымен магнит тілшенің ақ, содан соң қызыл жағына жақындатыңыз. Магнит пен магниттік тілшенің өзара әсерлесуі туралы не айтуға болады?

Қай жағдайда магниттік тілше тартылады, ал қай жағдайда тебіледі?

Қорытынды жасаңыз.

S

N

N

S

Магниттің қасиеттері

Құралдар: магниттер (жолақ және таға тәрізді магнит), темір ұнтақтары бар мөлдір жазық қорап.

Картон қағазының астына жолақ магнитті орналастырып, оған темір ұнтақтарын бірқалыпты себіңіз. Картон қағаз бен магнитті қозғалтпай, саусағынызбен картон қағазын жәй ғана соғыңыз. Алынған суретті бақылаңыз.

Тәжірибені таға тәрізді магнитке қайталаңыз.

Магниттің қасиеттері

С

О

Егер Жердің магнит өрісі болмаса, не болар еді?

Не себепті магнитті таға тәріздес етіп жасайды?

Өйткені, магниттің полюстерін бір-біріне жақындатып, күшті магнит өрісін алу үшін оларды таға тәріздес етіп жасайды. Осы арқылы үлкен темір бөліктерін көтеруге болады.

Магнитті қалай магнитсіздендіруге болады?

Табиғи және жасанды магниттерді өте қатты қыздырғанда олардың магнитік қасиеттері жойылады.

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма §52-53 оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу