Тұрақты магниттер. Магнит өрісі. Зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер. Магнит өрісі.

Зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу»

Оқу мақсаты: Магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

Тапсрмалар:

1)Әріптерді орналастырып көрейік...

    • Бұл сөздің бірінші әрпі –кедергі өлшем бірлігі атауының екінші әрпі (М) Ом
    • Екінші әрпі –ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі (А) анод
    • Үшінші әрпі- 10 болатын шама атауыныңүшінші әрпі (Г) мега
    • Төртінші әрпі – вольтметр құрылғысымен өлшенетін шаманың төртінші әріпі (Н) кернеу
    • Бесінші әрпі – кедергіні өлшейтін құрылғы атауының төртінші әріпі (И) резистор
    • Алтыншы әрпі – кернеуді өлшеуге арналған прибор атауының бесінші әрпі (Т) вольтметр

Қосымша 2

1-жұп

Құралдар: металл қағаз қыстырғыштар (скрепки), магниттер

(жолақ және таға тәрізд імагниттер).

Жолақты магнитті алып, бірнеше қағаз қыстырғышты магниттің дәл ортасына, яғни қызыл және көк бөліктердің арасындағы шекараға апарыңыз. Магнит қағаз қыстырғыштарды тартама?

2 –жұп

Құралдар: магнит, әр түрлі материалдардан жасалған заттар.

Магнитті әр түрлі материалдан жасалған заттарға жақындатыңыз, олардың барлығы магнитке тартылады ма?

3-жұп

Құралдар :ине, қағаз қыстырғыштар (скрепки), магнит.

Инені алып, оны қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Инеге қағаз қыстырғыштар жабысады ма?

Инені магнитке бір бағытта үйкеп, содан соң қағаз қыстырғыштарға жақындатыңыз. Скрепкалар жабысады ма?

4-жұп

Құралдар: магнит және магниттік тілше.

Магнитті алдымен магнит тілшенің ақ, содан соң қызыл жағына жақындатыңыз. Магнит пен магниттік тілшенің өзара әсерлесуі туралы не айтуға болады?

Қай жағдайда магниттік тілше тартылады, ал қай жағдайда тебіледі?

Зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу»

Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.

Жұмыс барысы:

1) темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішіне магнитті енгізіңдер;

2) магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар және қорытынды жасаңдар;

3) темір ұнтағының көп жабысқан орындарын белгілеп, суретін салыңдар;

4) екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарымен апарыңдар және бақылау нәтижесін жазыңдар;

5) үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;

6) пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/7a9d3df8-9732-4e20-bb88-a0bd9cb37e82/8_199.swf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу