![]() |
|
![]() |
Магнит өрісі бөліміне есеп шығару «Тұрақты магниттер. Түзу ток пен соленоидтің магниттік өрісі». Физика, 8 сынып, қосымша материал 2.
Дескриптор:
- магнит өрісінің негізгі қасиеттерін сипаттау және күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеуді түсіндіре алады;
- заттың магниттік қасиеттерін сипаттайды
- Жердің магнит өрісін сипаттайды;
-түзу токтың магнит өрісін сипаттау;
Еуропалық аңыздардың бірінде кедей зергер Флавио Джойя бай балықшы Домениконың қызына үйлену үшін магниттік компасты (құлабыз) ойлап тапқан. Әкесі мұндай күйеу баласын қаламады және түнде тұманды күні түзу жүзуді үйренуді шарт етіп қояды. Ақылды зергер тостағанға суға салынған магнитті тас салынған тығынның әрқашан бір бағытқа бағытталатынын байқап, қиын тапсырманы орындай алды. Шындығында, «зергер» 1450 жылы Амальфи тұрғындары арасындағы компас туралы білімді сипаттаған папалық хатшы Флавио Биондо еді.
Тапсырма 1. Құлабыз деген не [1]
Тапсырма 2. Жердің магниттік күші онша күшті емес. Тоңазытқыштағы магниттер одан да күшті . Мүмкін емес!
Жер айналасындағы гравитациялық және магнит өрісін, Жердің магнит полюстарын торкөзге жаз.
[3]
Тапсырма 3. Қауіп төнгенде кесіртке көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып. бұрыңғы қалпына келеді. Сол сияқты тұрақты магнитті неше рет ұсақтасаң да магниттік қасиеті ұшында сақталады. Төмендегі тұрақты магниттің полюстарын анықта
[1]
Тапсырма 4. Көгілдір және қызыл түсті стрелкалар қандай физикалық шаманың мағынасын түсіндіреді және оң қол ережесіне тұжырымдама бер
[3]
Тапсырма 5. Егер екі параллель сымдар арқылы ток өтсе , онда олардың айналасында магнит өрісін пайда болады. Суретке магнит өрісінің бағытына қарап, өткізгіштен өткен ток бағытын анықта
[2]
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023