Магнит өрісі бөліміне есеп шығару «Тұрақты магниттер. Түзу ток пен соленоидтің магниттік өрісі». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 8-3-4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

8.2 В бөлім- Магнит өрісі

Мектеп (School): НЗМ ХББ Петропавл қ.

Күні(Date):

Мұғалімнің аты-жөні (Teacher's Name):

Сынып (Class): 8

Қатысқандар саны (Number of people present):

Қатыспағандар саны( Absent): ____

Сабақ тақырыбы

Магнит өрісі бөліміне есеп шығару «Тұрақты магниттер. Түзу ток пен соленоидтің магниттік өрісі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.4. 1 магнит өрісінің негізгі қасиеттерін сипаттау және күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеу;

8.4.4.3 заттың магниттік қасиеттерін сипаттау

8.4.4.4 Жердің магнит өрісін сипаттау;

8.4.4.2 түзу ток пен соленоидтың магнит өрісін сипаттау;

Сабақ мақсаттары

- Магнит өрісін тұрақты магнитті қоршаған кеңістіктегі күш өрісі ретінде қарастыру;

- Магнетизмнің тұрақты қасиеттерін түсіну;

-тогы бар түзу өткізгіштің магнит тілшесіне әсерін сипаттау;

Бағалау критерийлері

-магнит өрісінің негізгі қасиеттерін сипаттау және күш сызықтары арқылы -графикалық бейнелей алады;

- заттың магниттік қасиеттерін сипаттайды;

- Жердің магнит өрісін сипаттайды;

- түзу ток пен соленоидтың магнит өрісін сипаттайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, солтүстік және оңтүстік полюстерінің арасындағы айырмашылықтарды ауызша және жазбаша түсіндіру; Жердің және басқа планеталардың магнит өрісін мүмкін болатын ықтималдылықтары туралы не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады.

Арнайы пәндік лексика және терминология: 

электростатикалық заряд, тұрақты магнит, магнит өрісі, магниттеу,магниттік полюстер,соленоид (тогы бар катушка), компас

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: 

Магниттердің әрқайсысы солтүстік және оңтүстік полюсті магнит ......

Жерде магнит өрісі пайда ........

Электрондардың қозғалысы мен магнит өрісінің пайда ........

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.

АЖ білімі мен түсінігі: ұжымдық істеріне, олардың әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау;

АЖ бағалау:қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас;

АЖ дағды: диалог құра білу,басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау;

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану (магнит өрісі туралы алғашқы түсініктер алған -5-6 сынып)

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Зарядтардың қозғалысы,магнит өрісі, тұрақты магнит және Жердің магнит өрісі,, солтүстік және оңтүстік полюстер.

Сабақ барысы/ Lesson Proper

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 min

 Оқушылармен амандасқаннан кейін қысқа уақытқа оқушылар ойын жинақтау тапсырмасы ұсынылады.

 (І) Жеке жұмыс. Қосымша №1.

 

Дескриптор:

- магнит өрісінің негізгі қасиеттерін сипаттай алады;

- соленоидтың магнит өрісін сипаттайды;

 

Оқушылар бірін-бірі тексереді, содан кейін дайын ұсынылған жауаппен салыстырады. Талдау жасалынады.

Жауабы: 1 С. 2.В 3. А

Слайд 1. Талдау жасалынғаннан кейін сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырылады.

Сабақтың ортасы

16-20 min

Қосымша №2.

  • Жауабы:

Ток көзінің тізбегіне қосылған өткізгішті өз осіне параллель магнит инесінің үстіне қойды. Тізбекті тұйықтаған кезде магниттік тілше бастапқы орнынан ауытқиды. Тізбекті ажыратқан кезде магниттік тілше бастапқы қалпына келеді. Бұл дегеніміз тоғы бар өткізгіш пен магниттік тілшелер бір-бірімен әрекеттеседі.

Эрстедтің тәжірибесі электр тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісінің болуын растайды, ол магниттік тілшеге әсер етіп, оны қозғалысқа келтіреді.

  • 1-3, 2-2, 3-3, 4-2, 5-1

Сабақтың соңы

36-40 min.

Слайд 4. Сабаққа қорытынды.

Магнетизмнің электр және магнетизм - тұрақты магниттерді қолдану аясы:

-MAGLEV пойыздары магниттік левитацияны (технология, затты тек бір магнит өрісін пайдаланып көтеру әдісі) көлік құралдарын алға жылжыту үшін пайдалануға болады;

-Динамиктегі магниттік күш тұрақты магнит пен дауыс катушкасы арасындағы күш динамик конусын жылжытады

Сабақтың басы

0- 4 min.

Жердің магнит өрісі туралы қысқаша шолу арқылы қосымша мәлімет :

https://www.youtube.com/watch?v=dZCQiAzvrCU&feature=emb_logo

Сабақтың ортасы

5-33 min.

Оқушылар магнит өрісі бөлімінің есептерін шығаруды жалғастырады.

Қосымша №3.

Жауабы:

Тапсырма1 . Құлабыз-әрдайым солтүстікке қарай бұрылатын жұқа үшкір металл бөлігі бар бағыттаушы дене.

Тапсырма 2.

Жауабы:

Тапсырма 4.

Тапсырма 5.

Сабақтың соңы

37-40 min.

Сабаққа суретті (слайд 1) пайдаланып қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Саралау –көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Қандай міндеттерді жоспарлайсыз

Қиындық туғызғын студенттерге кеңес беру

Барлық студенттер

Көптеген студенттер

Кейбір студенттер

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

W = толық сыныппен жұмыс жасау

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E = оқу тәжірибелері

D = мұғаліммен демонстрация

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

Суретте өзекше мен жолақты магниттерідің әрекеттесуі көрсетілген. Өзекше қандай материалдан жасалған және 1 жағдайда өзекшенің Р ұшында қандай полюс болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу