Жобаны таныстыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар: 3 Мектеп:

6.3 Музыка және өнер түрлері

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жобаны таныстыру

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

Сабақ мақсаты

– ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

– шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

– ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

– шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

Тілдік мақсат

-музыкалық щығармашылық идеяны ұсыну, интерпретация жасау.

- көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыра алу

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері,

АҚТ қолдану

Компьютерлік бағдарламалар

Алдыңғы білімдері

5 сыныпта алған білімдерін толықтыру

Құндылық

Тарих, Мәдениет, және тілдік бірлестік. Өнер синтезі.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-5

5-7

1.Ұйымдастыру кезеңі: коллаборативті ортаны ұйымдастыру. «Иірім»

Оқушыларға әр түрлі түсте жіптерді ұсыныңз. Жіптердің ұзындығы әр түрлі болуы мүмкін. Таңдалған жіптерді қасында тұрған көршілеріне байлап, сабаққа немесе жобаға арналған тілектер тілеу.

Жобаны орындау барысындағы мақсат пен орындалатын іс-әрекетті анықтау.

Презентация

Сабақ ортасы

7-25

25-35

Өткен сабақты еске түсіру.

Орындалған жоба жұмыстарын еске түсіре отырып, дайындық жұмыстарын өткізу.

Топта жұмыс жасау.

1-ші топ

«Музыка және поэзия» тақырыбына – 4 шімақ өлең жолдарын құрастырыңыз, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеңіз.

2-ші топ

«Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазу.

3 топ

«Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ойластырыңыз.

4-ші топ

«Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасаңыз.

Бағалау. Таныстырылым.

Оқушылар сынып алдында шығармашылық жоба жұмыстарын таныстырады және бағалау жұмыстарын жүргізеді. Бағалау барысында берілген бағалау критерийлері мен дескрипторларға сүйенеді.

Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері.

-Топтық жұмысты орындай алады;

-Әр топ ішінде оқушылар өз рольдерін анықтай алады;

-Шығармашылық жұмысты толықтай орындай алады.

Дескриптор:

-Топта әр оқушы өз ролін көрсетті;

-Әр оқушы өзінің ролін сомдады;

-Шығармашылық жұмысты соңына дейін орындады;

-Жобаға арналған жаңа идея ұсынды;

-Әр- түрлі бағытта жұмыстар ұсынылды.

Музыкалық аспаптар – синтезатор, домбыра, асатаяқ.

Наурыз, көктем,ана арналған суреттер.

(Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия);бағдарламалары

Киіз үй макеті, ақ қағаз, фломастерлер.

Сабақ соңы

35-40

Жоба рефлексиясы.

«Синквейн» әдісі арқылы өткізу.

А4 форматындағы ақ парақ қағаз

Саралау

Бағалау

Қауіпсіздік ережелерін сақтау және денсаулықты қадағалау

Музыкалық қабілеттері дамыған оқушылар өзінің жеке шығармашылық жұмыстарын көрсете алады. Мысалы, интерпретация, импровизация.

Ішкі жиынтық бағалау

(ІЖБ)

Тәжіриебелік және шығармашылық жұмыстарды орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу