Жобаны таныстыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жобаны таныстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу,

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Тілдік терминологияны қолдана отырып, шығармашылық жұмысты қорғайды;
  • Өзінің және өзге топтардың шығармашылық жұмыстарын бағалайды;
  • Дауыс пен музыкалық аспаптарды қолдана отырып, музыка орындайды

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Тілдік терминологияны қолдана отырып, музыкалық композицияны қорғайды;
  • Дауыс пен музыкалық аспаптарды қолданады;
  • шығармашылық жұмыстарды бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • музыканы талдау және талқылау барысында пәндік терминдерді қолдана отырып, сипаттама бере алады.

Терминдер және түсініктер:

Процесс, музыкалық қойылым, мюзикл,шығармашылық жоба.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Топта өз рөліңізді қалай бөлдіңіз?
  • Шығармашылық жобаға қандай әндер алдыңыз?
  • Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?

 Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық жоба дайындау кезінде бір-біріне көмектесу, сыйластық сезімін дамыту. Басқа елдер музыкасын зерттеу барысында, музыка мәдениетіне деген сыйластық.

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта оқушылар АКТ дағдыларын, компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation) қолдану арқылы дамыта алады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар шығармашылық жоба дайындығын бастады. Өз идеяларымен бөлісіп, топта рөлдерді анықтады. Осы сабақта шығармашылық жобаны таныстыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин.

15 мин.

Оқушылармен оқу мақсаты мен сабақ тақырыбын талқылау.

Тапсырма.Сыныпта талқылау.

Алдыңғы сабақта бастаған шығармашылық жоба жұмысын дайындау.

1-топ - «Гарри Потер»

2 - топ - «Алдар көсе»

3 - топ - «Буратино»

4 –топ - «Шрек»

  • Дайындыққа және орындауға қандай құралдар, ресурстар қажет?
  • Шығармашылық жобаға қандай әндер алдыңыз?
  • Қандай орындаушылық топта орындайсыз?
  • Өз жұмысыңызды қалай көрсетесіз?

Орындау барысында музыкалық аспаптар, сүйемелдеу үшін музыкалық жазбалар, безендіруге арналған құралдар және компьютерлік бағдарламалар (Audacity, Soundation), т.б. қолданыңыз.

Тапсырма. Презентация. Көрсетілім.

Ресурстарды дайындап, сынып алдында өз жобаңызды көрсетіңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Топта өз рөліңізді қалай бөлдіңіз?
  • Ертегінің қай бөлімін көрсетесіз?
  • Шығармашылық жобаға қандай әндер алдыңыз?
  • Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?
  • Сіздің дайындықта не сәтті орындалды деп ойлайсыз?
  • Жұмыс барысында қандай ресурс қолдандыңыз?

Презентация

компьютерлік бағдарламалар орнатылған (Audacity, Soundation, Киностудия) ноутбук;

Музыкалық аспаптар;

Әндер аудиожазбасы;

костюмдер;

безендіру құралдары, т.б.

Сабақтың ортасы

8 мин.

Тапсырма. Бағалау.

Музыкалық көрсетілімді топта бағалаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Топтық жұмыс;
  • Ән орындау барысында ансамбльдік ережені ұстау;
  • Музыка мен сюжеттің сәйкестігі;
  • Шығармашылық шешім.

Өзін-өзі бағалау ұйымдастыру.

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия

  • Жұмыс барысында не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Тағы немен жұмыс жасау керек?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыкалық қойылым ұйымдастыру барысында, оқушылар өз таңдауы бойынша бөліне алады, сонымен қатар, белгілі бір дағдылар ерекшелігіне байланысты, өз рөлін таңдай алады.

Музыкалық бағдарламаны қолдану дағдысы жоғары оқушылар композиция құруда көмегін тигізе алады.

Өзін-өзі бағалау; Сабаққа арналған бағалау критерийлері;

Топтық жұмысты бағалау.

Мұғалім бақылауы

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу