Қазақстанның кәсіби музыкасы. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 5 сабақ


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Берілген сабақты «Сөзді тап» стартеріне арналған түсініктер көмегімен бастаңыз: симфониялық оркестр, ұлттық оркестр, рояль, музыканың көркемдеуші құралдары, мәдениет қайраткерлері. (Кез келген бір оқушыны шақырып, берілген сөзді жасырып сыныпқа көрсету. Басқа оқушылар сипатын береді, ал осы оқушы қайсы түсінік екенін айтып беру қажет). Осылайша оқушылармен сабақтың тірек сөздерін, мақсатын талқылап қайталаңыз.

Оқушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмалардың орындалу уақытын ескертіп отырыңыз.

Тыңдау және талдау тапсырмасында «Музыкалық аспаптарды тап» викторинасына жауап беру қажет. Әр дыбыстаған аспаптан кейін, бірден атауымен оның қай топқа жататынын сұрап отыру жөн.

  • Қандай оркестрдің құрамындағы аспаптар аталды?
  • Неше топ бар? Атап шығыңыздар.
  • Осы аспаптардың дыбысталуын тыңдап көрдіңіздер ме?

Симфониялық оркестрдің құрамын қысқаша оқушылармен талдаңыз: ішекті, үрмелі ағаш, үрмелі темір, ұрмалы топтарға тоқталу.

Топта сәйкестікті тауып аспаптарды топтарына қарай жіктеуді сұрап, тапсырманы қорытындылай аласыз. Барлық топ ақылдасқаннан кейін, бірін бірі бағалауды ұйымдастырыңыз. Ол үшін тапсырма орындамас бұрын, оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлерін ойластырыңыз.

Тыңдау және талдау тапсырмасында Н.Мендыгалиевтің «Легенда о домбре» шығармасын тыңдап, топта талдауды ұсыныңыз.

  • Шығарманы қандай аспап орындайды?
  • Бұл аспап қандай аспаптар тобына жатады?
  • Ол қандай аспаптың дыбысталуын бейнелеп тұр?
  • Орындаушы қандай әдіс-тәсілдер арқылы оны бейнеледі? сұрақтарын талқылаңыз.

Берілген сұрақтар арқылы фортепиано аспабында ойнау әдіс-тәсілдері туралы оқушылармен кішігірім зерттеу жүргізіңіз. Бір музыкалық аспап, басқа музыкалық аспап дыбысына имитация жасай алатындығы туралы оқушыларға түсінік бере аласыз.

Халық музыкасы негізінде қалыптасқан Қазақстанның кәсіби музыкасы жөнінде ақпарат дайындау ұсынылады. А.Жұбанов М.Тулебаев, Б. Байқадамов, Г. Жұбанова, Н.Мендыгалиев, Е.Рахмадиев т.б композиторлар туралы қысқаша мәлімет беріңіз.

Ақпарат іздеу тапсырмасында Қазақстанның мәдениет қайраткерлері туралы ақпарат тауып, оларды жарнама түрінде сыныпқа таныстыруды тапсырыңыз. Сыныпты топ атауы бойынша алтыға бөліңіз. Топ тапсырманы орындамас бұрын, төменде берілген бағалау критерийлерімен таныстырып, талдап алыңыз.

1 топ - Алан Бурибаев (дирижер)

2 топ - Айман Мусаходжаева (скрипка)

3 топ - Марат Бисенгалиев (скрипка)

4 топ - Жания Аубакирова (фортепиано)

5 топ - Айгүл Үлкенбаева (домбыра)

6 топ - Раушан Оразбаева (қобыз)

Бағалау критерийлері:

  • Музыкант туралы нақты мәліметтер;
  • Топтағы бірлескен жұмыс;
  • Шығармашылық ізденіс.

Әр топ өз жарнамасын көрсетіп болған соң оқушылармен өз ара бағалауды ұйымдастырыңыз.

Сабақ соңында берілген сөз тіркестері көмегімен рефлексия жүргізіп, сабақты аяқтаңыз. Ой толғау:

  • Мен ... білдім;
  • Мен оркестрдің құрамы туралы ... мағлұмат ала алдым;
  • Атақты мәдениет қайраткерлері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу