Айтыс- сөз сайысы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сабақ: 4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Айтыс- сөз сайысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Айтыс өнерінің ерекшеліктерімен танысады;
  • Айтыс өнеріндегі әуеннің маңыздылығын біледі;
  • Айтыс жасап, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.
  • Өз орындауларына және өзгелерге баға береді.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

Айтыс өнеріндегі әуеннің ерекшеліктерін ажыратады;

Музыкалық аспаптарда ойнап, айтыс жасайды:

Өзінің және өзгенің жұмысына баға береді.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

музыканы талдайды және сипаттайды, тыңдалған музыкалық шығарма жайлы өз ойларын жеткізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

айтыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Не байқадыңыз?
  • Айтысқа қандай тақырып қоясыз?
  • Айтыс өнерінде басты назар неге аударылады?
  • Айтыскер қандай аспапта орындап отыр?
  • Айтыс дегеніміз не?
  • Айтыстың қандай түрлері бар?
  • Қандай айтыскер ақындарды білесіздер?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық музыка деген сыйластық, ұлттық өнеріміз айтысқа деген құрметті дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет- айтыс өнерінің түрлерімен танысқанда қазақ әдебиетіндегі білімдерін қолданады.

 АКТ дағдылары

-

Бастапқы білім

1-2 сыныптағы білімдеріне сүйене отырып, музыкалық жанрлар, вокалдық өнер түрлері туралы білімдерін дамытуды жалғастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Музыкалық сәлемдесу

Сөз сайысы. Мақал-мәтел жарысы.

Өткен сабақты қайталау.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстырыңыз.

Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма. Тыңдалым

Төреғали мен Қайнардың айтысын тыңдаңыз және бейнежазбасын қараңыз.

Сыныпта талқылау :

  • Не байқадыңыз?
  • Айтысқа қандай тақырып қоясыз?
  • Айтыс өнерінде басты назар неге аударылады?
  • Айтыскер қандай аспапта орындап отыр?
  • Айтыс дегеніміз не?
  • Айтыстың қандай түрлері бар?
  • Қандай айтыскер ақындарды білесіздер?

Айтыс –сөз сайысы, жыр жарысы, қазақтың ұлттық өнері.

Айтыс өнерінің түрлері:1. Бәдік; 2. Жар-жар; 3. Жануарлар мен адамның айтысы; 4. Өлі мен тірінің айтысы; 5. Жұмбақ айтысы; 6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы.

2 -тапсырма. Импровизация.

«Оқушы мен Мұғалім» тақырыбында айтыс шығарыңыз.

Айтысты орындау барысында шулы және музыкалық аспаптарды қолданыңыз.

3-тапсырма. Презентация және бағалау.

Өз орындауларыңызды таныстырыңыз. Өзіңіздің және өзгелердің жұмыстарына кері байланыс жүргізу арқылы баға беріңіз. Немесе бағалау критерийі бойынша бағалаңыз.

Достық айтысы-

https://www.youtube.com/watch?v=FSE14cG3C2s

Айтыс өнері туралы -

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/21999/

Домбыра аспабы

шулы және музыкалық аспаптар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлекция:

  • Менің орындауым жақсы шықты, себебі........
  • Менің ойымша бұл орындауда ....
  • Әлі .................жақсартар едім.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бағдарламаны жетік меңгерген оқушылар сыныптасына көмектесе алады, өз жобасын аяқтау кезеңдерін орындайды.

Критерий бойынша бағалау

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу