Айтыс-сөз сайысы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.


 «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» бөлімінің 4 сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Мұғалім оқушылармен сәлемдесуді өткен тақырыпты қайталау мақсатында речитатив стилінде амандасып өткізеді.

Сонан соң оқушылардан өткен саьақта не өткендері туралы сұрайды. Оқушылар терме жанры туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.

Сабақ тақырыбын ашу және мақсаттарын айқындау үшін оқушылар бейнеүзінді көреді.

Мұғалім көрген материалды талдау үшін сұрақтар қояды.

Талқылау:

  • Не көрдіңдер?
  • Орындаушылар қай аспапта ойнады?
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай өнер түрі?

/оқушылардың болжамды жауаптары, орындаушылар кезекпен орындап, бір- біріне жауап береді. Домбыра тартады./

Сабақ мақсаттары айтылады:

- «айтыс» жанрымен танысамыз;

- айтысты тыңдайды және талдаймыз;

- түрлі тақырыпта өздері айтыс шығарамыз

- айтысты музыкалық аспаптармен сүймеледеп орындаймыз.

Теория: Бұл орындау өнері айтыс деп аталады. Айтыс екі ақынның суырып салмалық жарысы, халық ауыз әндік поэзиясының түрі. Халық ішекті аспаптардың аккомпанементімен орындалады.

1 тапсырмада оқушыларға айтыстың қалай айтылатыны жөнінде түсіндіру үшін сынып қыз бен жігіт айтысын орындайды. Ұлдар мен қыздар екі үлкен топқа бөлінеді. Жігіт партиясын ұлдар, қыз партиясын қыздар орындайды. Айтыстың сөздері дидактикалық материалда берілген. Айтысты «Еркем-ай» халық әні әуеніне салып орындайды. Бұл әрекет алдыңғы сабақта өткен әнді қайталауға жіне айтысты көңілді сипатпен орындатуға септігін тигізеді.

3 тапсырма оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға бағытталған, оқушылар бұл тапсырманы орындамас бұрын өз қалауы бойынша жұптарға бөлінуіне болады. Бұл әрекет сыныпта жағымды ахуал, коллобаротивті орта туғызады.

Ең алдымен оқушылар айтысқа байланысты тақырып таңдайды.

Айтыстың тақырыбын ойлаңдар, ол не туралы болады?

  • Сөздерді кезекпен орындайтындай етіп, шығарыңдар
  • Айтыс мәдениетті түрде болуын есте сақтаңдар, бір – біріңді ренжітпеу керексіңдер.

Шулы және музыкалық аспаптарды қолданып, айтысты жұппен орындаңдар.

4 тапсырма. Презентация және бағалау. Шығарған айтыстарын оқушыларға орындап көрсетеді. Әр жұп өз шығармашылық жұмысына баға береді.

Өздерңнің және басқалардың жұмысын бағалаңдар

- Айтыс қалай орындалды?

- Бұл жұптың орындауында не ұнады?

- Айтысы құрастыруда не қиын болды?

Рефлексия барысында оқушылар прещентацияда көрсетілген сөйлемдердің біреуін таңдап өз ойларын айтады.

Маған …. ұнады

Мен …. түсінбедім

Мен үйде…..туралы айтамын

Маған ….қиын болды

 Мен ….білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу