Айтыс- сөз сайысы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақты бастамас бұрын алдыңғы сабақты қайталау, тақырыпқа шығу мақсатында «Кім көп біледі?» мақал-мәтелдер сайысын өткізіңіз. Ол үшін оқушыларды 3 топқа бөліңіз.
Әр топқа 1 минут уақыт беріңіз. 1 минутта қанша мақал айтады сол топ жеңімпаз болады.
Егер оқушылар қайталауға, дайындыққа уақыт сұраған жағдайда уақыт беріңіз. Мақал-мәтелдер жинағын ұсыныңыз. Дидактикалық материалдар 1-қосымша.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз.
1-тапсырмада Төреғали мен Қайнардың айтысын тыңдатыңыз және бейнежазбасын қарауды ұсыныңыз. Сұрақтарды талқылап, Айтыс өнері туралы ақпарат беріңіз. Дидактикалық материалдар, 2-қосымша.
Айтыскер ақындарды атап кетіңіз.
Жамбыл, Сүйімбайдан бастап қазіргі кездің ақындары Аманжол Әлтай, Айнұр Тұрсынбай, Ринат Зайытов, Сара Тоқтамыс, Дәулеткерей Кәпұлы, Дидар Қалиев, Айбек Қалиев, жас ақындар Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан және т.б.
2-тапсырмада «Оқушы мен Мұғалім» тақырыбында айтыс шығарып импровизация асауды тапсырыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліп, дйындалуына уақыт беріңіз. Нақыл сөздерді қосуды ескертіңіз. Айтысты орындау барысында шулы және музыкалық аспаптарды қолдануды тапсырыңыз.
3- тапсырмада оқушыларға, өздерінің шығарған айтыстарын таныстырып, сынып алдында орындап беруді ұсыныңыз.
Бағалау жүргізу үшін алдын-ала оқушылармен бірігіп бағалау критерийін дайындап алыңыз немесе мысал ретінде ұсынған критерийді пайдаланыңыз. Кері байланыс жүргізіңіз.
Мысалы,
- Айтыс тақырыптың мазмұнын ашты;
- Айтыс қызықты болды;
- Айтысты мәнерлеп орындады;
- Музыкалық аспаппен сүйемелдеу жүргізді.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- Айтыс өнерінің ерекшеліктерімен танысады;
- Айтыс өнеріндегі әуеннің маңыздылығын біледі;
- Айтыс жасап, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.
- Өз орындауларына және өзгелерге баға береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?