Айтыс-сөз сайысы. Музыка, 3 сынып, презентация. 4 - сабақ.


Айтыс- сөз сайысы

«айтыс» жанрымен танысамыз;

- айтысты тыңдайды және талдаймыз;

- түрлі тақырыпта өздері айтыс шығарамыз

- айтысты музыкалық аспаптармен сүймеледеп орындаймыз.

Бүгін біз

Айтысекі ақынның суырып салмалық жарысы, халық ауыз әндік поэзиясының түрі. Халық ішекті аспаптардың аккомпанементімен орындалады.

Жігіт:

Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз

Қыз:

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Жігіт:

Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап

Қыз:

Үй жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді

Жігіт:

Түрлендіріп қамшы өрсем

Қыздарың таң қалады

Күмбірлетіп күй шертсем

Мұнда думан болады

Қыз:

Мақтандың ғой жігітім

Өнеріңді көрейік

Көрсет сәнді қамшыңды

Біздер баға берейік

Жігіт:

Түрлендіріп қамшы өрсем

Қыздарың таң қалады

Күмбірлетіп күй шертсем

Мұнда думан болады

Тойға барам деген соң

Домбыра ұстап жетіп ем

Шашақталған қамшымды

Үйге тастап кетіп ем

Қыз:

Қалып қойса қамшыңыз

Тағы тойға келерсіз

Сол қамшыны мына бізге

Сонда сыйға берерсіз

Қыз:

Қоштасайық халықпен

Ақындарын пір тұтқан

Сөз өнерін шөлдегенде

Рахаттана бір жұтқан

2 тапсырма. Музыка шығару мен орындау.

Айтысты шығарып, жұппен орындаңдар

Айтыстың тақырыбын ойлаңдар, ол не туралы болады?

Сөздерді кезекпен орындайтындай етіп, шығарыңдар

Айтыс мәдениетті түрде болуын есте сақтаңдар

Ұйқас сөздер табу

Дыбыс үндестігінен жасалған сөздерді ұйқас сөздер деп атаймыз.

Өлең құрау үшін әуелі ұйқас сөздерді табу қажет. Ұйқас сөздер сөз басында немесе ортасында тұратын дауыссыз дыбыстардың ауысуынан пайда болады.

Ұйқас сөздер - дыбыс үндестігінен жасалған сөздер

Мысал:

Көңiлiм ашық,

Тұрған үй лашық,

Қаладан қашық,

Сонда да ғашық

С

3 тапсырма. Презентация және бағалау.

Айтыс қалай орындалды?

Бұл жұптың орындауында не ұнады?

Айтысты құрастыруда не қиын болды?

Рефлексия:

Маған …. ұнады

Мен …. түсінбедім

Мен үйде…..туралы айтамын

Маған ….қиын болды

Мен ….білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу