Айтыс-сөз сайысы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сабақ: 4

2 бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г

Сынып : 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырбы:

Айтыс- сөз сайысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету

  Сабақ мақсаты

Оқушылар:

- «айтыс» жанрымен танысады;

- айтысты тыңдайды және талдайды;

- түрлі тақырыпта өздері айтыс шығарады;

- айтысты музыкалық аспаптармен сүймеледеп орындайды.

Жетістік критерийлері

  • Музыкалық аспаппен халық әнін әуені мен интонациясына сай орындайды.
  • Музыкалық аспаптарда ойнап, айтысты орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар біледі:

  • Орындалатын және тыңдалатын шығармаларда қарама-қарсы көркемдеуші музыкалық құралдарды анықтайды, сипаттайды, салыстырады.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы:

айтыс

ұйқас

ырғақ

  • Талқылау сұрақтары :
  • Орындаушылар қай аспапта ойнады?
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай өнер?

- Айтыс шығару кезінде не қиын болды?

 Құндылықтарды

 дарыту

қазақ халқының ұлттық мәдениетін құрметтеуге баулу.

Топтық шығармашылық жұмыстар арқылы еңбек және шығармашылық құндылықтарын дамыту. Ынтымақтастық, ұйымшылдық сезімдерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Казақ тілі – «айтыс» терминіне анықтама беріледі

 АКТ қолдану

 дағдылары

і тақта арқылы оқушылар бейнефильмдің үзіндісін, презентацияны көреді

Бастапқы білім

Оқушылар халықтық терме жанрымен танысты, терменің түрлі орындауларын тыңдап, талдады, терме шығарды, оны импровизация жасап орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Речитативпен сәлемдесу /өткен тақырыпты қайталау мақсатында/

  • Біз қалай сәлемдестік?
  • Бұл орындаудың стилі қалай аталады?
  • Алдыңғы сабақта қай жанрмен таныстыңдар?

Бүгінгі сабақтың мақсатын анықтау үшін бейнеүзінді көруді ұсынамын

Талқылау:

  • Не көрдіңдер?
  • Орындаушылар қай аспапта ойнады?
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай өнер түрі?

/оқушылардың болжамды жауаптары, орындаушылар кезекпен орындап, бір- біріне жауап береді. Домбыра тартады./

- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не істейсіңдер?

Сабақ мақсаты:

- «айтыс» жанрымен танысамыз;

- айтысты тыңдайды және талдаймыз;

- түрлі тақырыпта өздері айтыс шығарамыз

- айтысты музыкалық аспаптармен сүймеледеп орындаймыз.

Бұл орындау өнері айтыс деп аталады. Айтыс екі ақынның суырып салмалық жарысы, халық ауыз әндік поэзиясының түрі. Халық ішекті аспаптардың аккомпанементімен орындалады.

- Айтыстың қалай орындалатынын түсіну үшін, мына қыз бен жігіт айтысын екі топқа бөлініп айтайық. Жігіт партиясын ер балалар, қыз партиясын қыздар орындайсыздар. Ал әуенге Еркем ай әнінінң әуенін салып айтамыз. орындауға дайындалып, содан соң сыныппен орындап көрейік .

1 тапсырма. Сыныппен айтыс орындау.

Ұлдар мен қыздар екі үлкен топқа бөлінеді. Жігіт партиясын ұлдар, қыз партиясын қыздар орындайды.

Жігіт:

Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз

Қыз:

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Жігіт:

Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап

Қыз:

Үй жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді

Жігіт:

Түрлендіріп қамшы өрсем

Қыздарың таң қалады

Күмбірлетіп күй шертсем

Мұнда думан болады

Қыз:

Мақтандың ғой жігітім

Өнеріңді көрейік

Көрсет сәнді қамшыңды

Біздер баға берейік

Жігіт:

Түрлендіріп қамшы өрсем

Қыздарың таң қалады

Күмбірлетіп күй шертсем

Мұнда думан болады

Тойға барам деген соң

Домбыра ұстап жетіп ем

Шашақталған қамшымды

Үйге тастап кетіп ем

Қыз:

Қалып қойса қамшыңыз

Тағы тойға келерсіз

Сол қамшыны мына бізге

Сонда сыйға берерсіз

Қыз:

Қоштасайық халықпен

Ақындарын пір тұтқан

Сөз өнерін шөлдегенде

Рахаттана бір жұтқан

2 тапсырма. Музыка шығару мен орындау.

Айтысты шығарып, жұппен орындаңдар

  • Айтыстың тақырыбын ойлаңдар, ол не туралы болады?
  • Сөздерді кезекпен орындайтындай етіп, шығарыңдар
  • Айтыс мәдениетті түрде болуын есте сақтаңдар, бір – біріңді ренжітпеу керексіңдер

Шулы және музыкалық аспаптарды қолданып, айтысты жұппен орындаңдар.

3 тапсырма. Презентация және бағалау.

Өздеріңнің және басқалардың жұмысын бағалаңдар

- Айтыс қалай орындалды?

- Бұл жұптың орындауында не ұнады?

- Айтысты құрастыруда не қиын болды?

Рефлексия:

Маған …. ұнады

Мен …. түсінбедім

Мен үйде…..туралы айтамын

Маған ….қиын болды

Мен ….білдім

Айнұр Тұрсынбаева & Балғынбек Имашев Сөздің пірі - Сүйінбай, Айтыс 2015

https://www.youtube.com/watch?v=Pjkc60btic0

Презентация

Оқулық

http://bilim-all.kz/jospar/1447-Aitys-Qyz-ben-zhigit-aitysy айтыс сөздері

Презентация

Қағаздар, қалам.

Музыкалық аспаптар

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Кейбір оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындауға көмек көрсету

Кейбір оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындауға көмек көрсету

Кейбір оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындауға көмек көрсету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу