Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.10

түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11

алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12

теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдайды;
  • түріне келтіреді;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешеді;
  • Шешімін координаталық түзуде салады;
  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жазады.
  • берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдай алады;
  • түріне келтіре біледі;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шеше алады;
  • Шешімін координаталық түзуде сала біледі;
  • Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жаза алады;
  • берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- теңсіздіктерді шешу;

- сызықтық теңсіздік.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • x>5 теңсіздігінің шешімі ... аралығы болып табылады;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

 Пәнаралық

 байланыстар

  • Қазақ әдебиет

Бастапқы

білім

  • Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу.

Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

Таңертен көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүлге оралды.

Оқушылар көбелек болып орындарына отырады.

Үй тапсырмасын қызыл – күрделі, сары – орындарлық, көк– жеңіл түстері арқылы бағалау.

  • Презентация

Сабақтың ортасы

4 - 8 мин

«Миға шабуыл»

1.Теңсіздікті шешіңіздер:

  • 3x>15; 2x<1; 4x>16; 5x<20; 7x>3,5; 6x<3.

2. Теңсіздіктердің шешімі сандық түзуде қалай кескінделетінін көрсетіңіз.

1) 6х18; 2) х – 15 7; 3) 3х + 4 19; 4) 6 – 2х 22.

Жауабы:

1) 2)

3) 4)

3. Сан аралықтарын теңсіздік түрінде жазыңыз:

Презентация

Смайликтер

Қосымша 1

9 – 10 мин

Теңсіздіктерді аралық координата түзуіне белгілегенде мынадай қорытындыға келеміз:

Қорытынды.

Теңсіздік аралық координаталық түзудегі шешімі

11 - 18 мин

Сыныппен жұмыс.

№1. Теңсіздікті шешіп, шешімдерін жиынын сан аралығы арқылы көрсетіңдер:

1) 12 + х > 18

2) 6 – х ≤ 4

3) 1 + 3х > 10

4) 3х + 8 < 0

5) 6 + х < 3 – 2х.

№2.Теңсіздікті шешіп, шешімдерін жиынынкоординаталық түзуде кескіндеңдер:

1)4 + 12х > 7 + 13х

2) 3(2 + х) > 4 - х

3) – ( 4 – х) ≤ 2(3 + х)

4)

5)

Презентация

Смайликтер

Қосымша 2

19 – 28 мин

Жұптық жұмыс

1 жұп

Теңсіздікті шешіп, шешімдерін жиынын сан аралығы арқылы көрсетіңдер және шешімдерін жиынын координаталық түзуде кескіндеңдер:

А деңгейі

1) 0,3 + х ≥ 1

2) 0,4 - х < 0

3) 4х + 19 ≤ 5х – 1

В деңгейі

4) 3(1 - х) + 2(2 – 2х) <0

5)

6)

С деңгейі

7)

8) 8х2 – 2х(4х + 1) ≤ х

9)

2 жұп

Теңсіздікті шешіп, шешімдерін жиынын сан аралығы арқылы көрсетіңдер және шешімдерін жиынын координаталық түзуде кескіндеңдер:

А деңгейі

1) 17 + х > 37

2) 5 – х ≤ 1

3) 4 + х < 1 – 2х

В деңгейі

4) – ( 2х + 1) ≤ 3( х + 2)

5)

6)

С деңгейі

7)

8) 6х2 – 3х(2х + 4) > 48

9)

3 жұп

Теңсіздікті шешіп, шешімдерін жиынын сан аралығы арқылы көрсетіңдер және шешімдерін жиынын координаталық түзуде кескіндеңдер:

А деңгейі

1) 6,2 + х ≥ 10

2) 0,6 - 2х < 0

3) 4х + 7 ≤ х + 1

В деңгейі

4) 4( 1 – х) + 5(х + 8) ≥ 0

5)

6)

С деңгейі

7)

8) (х+6)(3х-8) – 3(х2 – 1) < 20

9)

Бағалау: Тапсырмалары бірдей жұптар бір-бірінің дәптерлерін тексереді және бағалайды.

Презентация

Смайликтер

Қосымша 3

29 – 30 мин

Сергіту сәті.

Жапондық есімА-КА З-З П-НО Ц-МИ Б-ЗУИ-КИ Р-ШИ Ч-КЭ В-РУ К-МЭС-АРИ Ш-ХИ Г-ЖИ Л-ТА Т-ЧИЫЬЪ-ЗУК Д-ТЭ М-РИН У-ДО Э-МЭЙЕ-КУ Н-ТО Ф-ЛУ Ю-ФУ Ж-СУО-МО Х-РИ Я-НА

Презентация

31 – 37 мин

Өз беттік жұмыс

  • №1028. Теңсіздікті шешіңіздер:
  • №1029(1). x-тің қандай мәндерінде өрнектің мәні теріс сан болады: 2x – 5; 1,4x – 7; 6 – x?
  • №1030. Теңсіздік құру арқылы шығарыңдар.
  • Квадраттың периметрі 20см-ден артық, бірақ 28см-ден кем. Квадраттың қабырғасының ұзындығын бағалаңдар.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

– Алматы: Атамұра, 2015.

Қосымша 4

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

№1036

Рефлексия: «Белгілер» әдісі

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

– Алматы: Атамұра, 2015.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары жұптық жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

  • Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу