Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.10

түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдайды;
  • түріне келтіреді;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешеді;
  • Шешімін координаталық түзуде салады;
  • Шешімін аралық түрінде жазады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдай алады;
  • түріне келтіре біледі;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шеше алады;
  • Шешімін координаталық түзуде сала біледі;
  • Шешімін аралық түрінде жаза алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.
  • теңсіздік, тура санды теңсіздік, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамаларын тұжырымдайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- теңсіздіктерді шешу;

- сызықтық теңсіздік;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • x>5 теңсіздігінің шешімі ... аралығы болып табылады;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

 Пәнаралық

 байланыстар

  • Қазақ әдебиет

Бастапқы

білім

  • Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу.

Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Психологиялық ахуал:

«Сіздің көңіл күйіңіз қандай?»

Мақсаты: оқушылар көңіл күйін білу.

1а) Интерпритация

Қызыл-қуанышты көңіл күй,

Алқызыл-ұнамды көңіл күй,

Сары-жағымды көңіл күй,

Көк-суық көңіл күй,

Қоңыр-қиналған көңіл күй,

Күлгін-алаңдаушы көңіл күй,

Қара-күш қуаттың төмендеуі,

Ақ-анықталмаған көңіл күй.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

  • Презентация

Сабақтың ортасы

4 - 8 мин

«Әрекет» жаттығуы. 

Оқушыларға тест тапсырмалар берілді. Олар жылдам сан аралықтарының қиылысуын тауып тез жауап қайтарады..

1.(-1; 3] және [1; 5) сан аралықтарының қиылысуын тап:

А) (1; 3]

B) [1; 3]

C) (-1;3]3.

2. (-3; 4] және [-1; 6]сан аралықтарының бірігуін тап:

А) (-3; 6)

В) [-3; 6]

С) (-3; 6]

3. [1; 5) сан аралығына мына сандардың қайсысы жатады?

А) 1;2;4

В) 2;3;5

С) 1;3;55.

4. Екі сәуленің қиылысуы [-4; 5] кесіндісі болатын сан аралығын тап.

А) х≥-4, х<5

В) х≤-4, х≥5

С) х≥-4, х≤5

ДескрипторБілім алушы

- есептің шартына сәйкес сан аралығын табады;

- сан аралықтарының қиылысуын табады;

- берілген сан аралықты қос теңсіздік түрінде

жазады.

«Ой қозғау»

а) Сан аралығының неше түрі бар?

б) Қандай сан аралығы интервал деп аталады?в) Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?г)  Жартылай интервал дегеніміз не?д) Сәуле, ашық сәуле деп нені айтамыз?

е) Сан аралығының қиылысуы дегеніміз не?

ж) Сан аралығының бірігуі деп нені айтамыз?

  • Презентация
  • Смайликтер
  • Қосымша 1

9 – 18 мин

Жаңа сабақ

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік.

5x-2<8;   х-5>0;   3х+5>21-х – бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.

Анықтама. ax > b  немесе ax < b түріндегі теңсіздіктер бір айнымалы сызықтық теңсіздіктер деп аталады, мұндағы а және b – кез келген сандар, а ≠ 0. х – айнымалы.

Анықтама. Айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі (түбірі) деп атайды. Мысалы, x + 6 < 18. х-тің орнына 2 мәнін қойсақ, онда 2+ 6 < 18, 8 < 18 дұрыс теңсіздігін аламыз. 

х– теңсіздіктің шешімі (түбірі).

Теңсіздікті шешу  дегеніміз не?

Теңсіздікті шешу  – оның барлық шешімін табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу.

«5(x – 3) > 2x – 3 теңсіздігін қалай шешуге болады?» проблемалық жағдай туындатыңыз.

Сызықты теңсіздікті шешудің алгоритмі

Мысал. Теңсіздікті шешу.

5(x – 3) > 2x – 3

Амалдардың сипатталуы:

Шешу жолы:

1. Жақшаны ашамыз.

5x – 15 > 2x – 3

2. x -і бар қосылғыштарды теңсіздіктің бір жағына, ал сандарды екінші жағына таңбаларын ауыстырып көшіреміз.

5x – 2x > – 3 + 15

3. Ұқсас мүшелерін біріктіреміз.

3x > 12

4. Теңсіздіктің екі жағын да x -тің алдында тұрған санға бөлеміз (егер ол сан оң болса, онда теңсіздік белгісі өзгермейді; егер ол сан теріс болса, онда теңсіздік белгісі қарама-қарсыға өзгереді).

3x > 12 : 3

x > 4

5. Аналитиrалық модельден x > 4 геометриялық модельге көшіреміз.

4

6. Осы теңсіздіктің шешімінің жиынтықтарын көрсетіп, жауабын жазамыз.

Жауабы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:1.Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе тең түрлендіріп, ықшамдау керек;2.Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек;3.Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;4.Теңсіздіктің екі жағында белгісіздің коэффисиентіне бөлу керек;5.Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан арлығында белгілеу керек.Мысалы: 1.4(х-3)+5х≥3х                                  2 .7(х+1)-4х>3х+16  4х-12+5х≥3х                                           7х+7-4х>3х+16  4х+5х-3х≥12                                               3х-3х>16-7  6х≥12                                                                0х>9  х≥2                                              Жауабы: шешімдері жоқЖауабы: [2; +∞ ) немесе х≥2.

3. 6х+17>2(3х+4)    6х+17>6х+8    6х-6х>8-17    0х>-9Жауабы: Кез келген сан.

Осыдан келіп оқушылардың өздеріне бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуде қандай жағдайда шешімі болатыны, болмайтыны немесе кез келген сан болатынына қорытынды жасату.

1.ax > b, а, х. Ж: (

2. ax > b, а, х. Ж: (

3. а = 0, b 0x > b теңсіздігінің шешімі болмайды.

4. а = 0, b 0x > b кез келген сан.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С. Байшоланов,

Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

19 – 28 мин

Жұптық жұмыс

№1. Тест. Теңсіздіктерді шеш.

1) 3x < 8 – x

a) x > 2

b) x > 5

c) x > 3

d) x < 2

2) 4x – 3 <12 + x

a) x < 2

b) x < 5

c) x > 3

d) x < 2

3) 5 + 4x > 20 – x

a) x < 2

b) x > 3

c) x < 5

d) x < 2

4) 2(3 + x) > 18 – 4x

a) x 2

b) x < 5

c) x < 3

d) x < 2

5) 3 < 5 санды теңсіздігінің екі жағының (–2)-ге көбейтіндісін тап.

a) 3 < 5

b) – 6 > –10

c) 3 > 5

d) 6 < 10

№2. a > b болғанда 7a мен 7b -ны салыстыр.

№3. 8,8 > –7,7 теңсіздіктің екі жағының да (–1) санына көбейтіндісін тап.

№4. 4x-8 өрнегі x-тің қандай мәнінде оң мән қабылдайтынын табыңыз.

№5. a>b екені белгілі. Салыстырыңыз.

a) 18a____18b;

b) -6,7a____-6,7b;

c) -3,7b____-3,7a.

Жауаптары:

№1. 1) dx < 2; 2) bx < 5; 3) bx > 3;

4) ax > 2; 5) b) – 6 > –10

№2. 7a > 7b.

№3.  - 8,8  7,7.

№4.  x > 2.

№5. а) 18a > 18b; b) -6,7a-6,7b; c) -3,7b3,7a.

Қосымша 2

29 – 30 мин

Сергіту сәті.

«Еден-төбе-мұрын» әдісі

Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

презентация

31 – 37 мин

Өз беттік жұмыс

Оқушыларға сәйкестендіруге берілген жеке тапсырма ұсыныңыз.

Теңсіздік

Шешімі

Қосымша 3

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма. №1025

Рефлексия.

  • Сабақ ұнады ма?  
  • Қызық болды ма?  
  • Не қызықтырды?  
  • Не үйрендіңдер?
  • Нені тағы үйренгілерің келеді?

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С. Байшоланов,

Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары жұптық жұмыста және жеке жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

  • Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу