Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.10

түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11

алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12

теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдайды;
  • түріне келтіреді;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешеді;
  • Шешімін координаталық түзуде салады;
  • Шешімін аралық түрінде жазады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • Берілген теңсіздікті ықшамдай алады;
  • түріне келтіре біледі;
  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шеше алады;
  • Шешімін координаталық түзуде сала біледі;
  • Шешімін аралық түрінде жаза алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- теңсіздіктерді шешу;

- сызықтық теңсіздік.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • x>5 теңсіздігінің шешімі ... аралығы болып табылады;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

 Пәнаралық

 байланыстар

  • Қазақ әдебиет

Бастапқы

білім

  • Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу.

Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

«Әр елдің амандасу салты»

Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды.

Қазақтар - қол алысады,

Италияндықтар – құшақтасады,

Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады, Зимбабалықтар –арқасымен амандасады, Македониялықтар – шынтақпен,

Никарагулықтар -  иықпен амандасады,

Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді 

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

Презентация

Сабақтың ортасы

4 - 8 мин

« Қай жұп жылдам?»

4 жұпта тапсырмалар беру, тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі тексереді.

1 жұп

Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.

4(x  3)+5x ≤ 3x

2 жұп

Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.

3 жұп

Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.

7(x+1) – 4x>3x+16

4 жұп

Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер.

6x+17>2(3x+4)

Қосымша 1

9 - 18 мин

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға жұптарға бірігуді ұсыныңыз. Әр жұпқа үш бағаннан тұратын кесте таратыңыз. Бірінші бағанға түрлі теңсіздіктерді жазыңыз. Екінші бағанды «Сызба» деп , ал үшінші бағанды «Теңсіздік» деп атаңыз.

  • Парақты әріптесіне береді;
  • Екінші оқушы әріптесінің сызбасы бойынша

Теңсіздік

Сызба

Теңсіздік

Оқушылар келесі схема бойынша жұмыс жасайды:

  • Әр оқушы бірінші бағанда жазылған теңсіздіктің шешімінің сызбасын екінші бағанда кескіндейді;
  • Тапсырмалар жазылған бағанды бүктейді;
  • «Теңсіздік» бағанын(үшінші бағанды) толтырады;

Талдау, бағалау: Жұмыс соңында оқушылар парақты жазып, бірінші баған мен соңғы бағанның нәтижелерін салыстырады. Салыстыру барысында шешімін талқылап, тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С. Байшоланов,

Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

Қосымша 2

19 – 28 мин

Жалпы сыныппен жұмыс

1. Теңсіздікті шешіңіздер: 2x – 5 > 9.

2x – 5 > 9 <=> 2x > 14 

x > 7.

  (7; ∞).

2. Теңсіздікті шешіңіздер: 4a – 11 > a + 13.

4a – 11 > a + 13 <=> 3a > 24 <=> a > 8.

 а  (8; +∞).

3. Теңсіздікті шешіңіздер: 5y– 5y(y + 4) ≥ 100.

5y– 5y(y + 4) ≥ 100 <=> 5y– 5y– 20y ≥ 100 <=> -20y ≥ 100 <=> 20y ≤ -100 <=> y ≤-5.

 y ≤-5.

4. Теңсіздікті шешіңіздер:

  • 5. Теңсіздікті шешіңіздер: 
  •  
  •  ;
  • Жауабы:  немесе
  • 6. Теңсіздікті шешіңіздер: .
  •     
  •   .   .
  • Жауабы: .

Қосымша 3

29 – 30 мин

Сергіту сәті.

«Жаңылыспаймын» әдісі

Оқушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

Презентация

31 – 37 мин

Жеке жұмыс

1. Теңсіздікті шешіңіздер: .

 .

.

 .

Жауабы: .

2. Теңсіздікті шешіңіздер: 

 .

.

.

Жауабы:.

3. Теңсіздікті шешіңіздер: .

.

.

.

 ( – нақты сандар жиыны).

Жауабы: .

Егер сандық теңсіздік дұрыс болмаса,

мысалы,

онда берілгін теңсіздіктің шешімі жоқ, .

  • 4. Теңсіздікті шешіңіздер: 2х+1>0.
  • 2х > -1
  • Жауабы:  немесе (-1/2;∞).
  • 5. Теңсіздікті шешіңіздер:
  • 1-ші әдісі:
  • 2-ші әдісі:
  • 2 < х < 7
  • Жауабы: 2 < х < 7 немесе (2; 7)

Қосымша 4

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №1036.

Рефлексия.

«Білім теңізіне кеме жіберіңіз»

Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С. Байшоланов,

Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен жұмыста және жұптық, өз беттік жұмыстарда беріледі. Жалпы сыныппен, жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

  • Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу