Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Сабақ мақсаты: Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарады;

Бағалау критерийлері: Оқушы

▪ Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;

▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі;

▪ Сызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады.

Топтық жұмыс

Тапсырма 1

1) Суретте таразының сол жақ табақшасында 4 бөлек шай және 50 г кір тасы, ал оң жақ табақшасында 1 бөлек шай және 500 г кір тасы көрсетілген.

Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 бөлек шайдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, 1 бөлек шайдың массасын табыңдар.

2) Суретте таразының сол жақ табақшасында бал құйылған ыдыс және 500 г кір тасы, оң жақ табақшасында бос ыдыс және кір тастары кескінделген. Бал құйылған ыдыс пен бос ыдыстың массалары тең.

Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы бос ыдыстың массасы m кг, ондағы балдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, ыдыстағы балдың массасын анықтаңдар.

Жұптық жұмыс

Тапсырма 2

1. Жолаушылар автобуспен елді мекеннен станцияға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50 км/сағат жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кещ келеді. Елді мекен станциядан неше километр қашықтықта?

А) 140 км; В) 170 км;С) 160 км;Д) 165 км.

2. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%-і қалды. Шығарма неше бет болған?

3. Катер А пункітінен В пунктіне ағысқа қарсы жүзіп, 1 сағ 48 минутта барды. Катер қайтарда ағыспен жүзгендіктен, одан 18 мин кем уақытта В пунктінен А пунктіне келді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар.

Тапсырма 3

Жеке жұмыс (10 мин)

1. Ұзындығы 12 см тік төртбұрыш берілген. Қабырғасы осы тік төртбұрыштың енінен 1 см кем квадраттың периметрі берілген тіктөртбұрыштың периметрінен 10 см кем. Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр?

2. Елді мекен станциядан 4 км қашықтықта станция мен саяжай аралығында орналасқан. Елді мекеннен саяжайға қарай 75 м/мин жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адам 0,5 сағ жүрген соң станциядан 200 м/мин жылдамдықпен вилосипедші шықты. Вилосипедші неше минут жүрген соң жаяу адамды қуып жетті.

3. Домбыра үйірмесіне қатысуға тілек білдірушілердің –і домбыра тарта біледі. Қалғандары домбыра тарта білмейді. Бір апта ішінде домбыра тарта білмейтіндердің 6-уы домбыра тартуды үйренгенде, үйірмеге қатысушылардың 10 % -і ғана домбыра тарта білмейтін болды. Домбыра үйірмесіне қатысушылардың саны нешеу?

А) 20;В) 24;С) 25;Д) 18.

Оқу мақсаты

Дескриптор

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Есептегі белгісіздерді дұрыс анықтайды

Теңдеуді дұрыс құра біледі

Теңдеуді дұрыс шеше біледі

Теңдеудің түбірін дұрыс анықтайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу