Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. Математика, 6 сынып, презентация.
Үйге тапсырмасын тексеру:
Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның
мәнін табыңыз.
Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші
қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы
кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар
1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар?
Мұндағы
.
Шешуі:
1-ші қатарда - n кітап
2-ші қатарда - 1,2n кітап
3-ші қатарда - 1,3n кітап
n+1,2n+1,3n=3,5n;
20+1,2·20+1,3·20=20+24+26=70.
Жауабы: 70 кітап.
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
Тепе-теңдік.
Оқу мақсаты:
Бағалау критерийлері:
Тапсырма 1.
Мысалдардың шешімдерін талқылаңыз;
тепе-теңдік анықтамасын тұжырымдаңыз.
• Екі өрнектің айнымалылардың кез келген мәндерінде сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе-тең өрнектер деп аталады.
• Оң және сол жақ бөліктері тепе-тең өрнектер болатын айнымалысы (айнымалылары) бар теңдік тепе-теңдік деп аталады.
Екі өрнектің айнымалылардың кез келген мәндерінде сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе-тең өрнектер деп аталады.
Тапсырма 3.
Амалдардың қандай қасиеттері мына өрнектер теңбе-теңдік болады деп ұйғаруға мүмкіндік береді:
а) аb+16c және 16c+аb; ә) (а+2)+х және а+(2+х);
б) ху+3 және 3+ху; в) 5(b+c) және 5c+5b?
Жауабы: Сандарды қосудың және көбейтудің негізгі қасиеттері:
ауыстырымдылық
терімділік
үлестірімділік
Тапсырма 3.
Амалдардың қандай қасиеттеріне сүйеніп, мына өрнектер теңбе-теңдік болады деп ұйғара аламыз.
а) а∙25b және 25аb; ә) 6(х+у)+4 және 6х+6у+4;
б) 2с∙3 және 6с; в) 3аb+2c және 2c+3bа.
Жауабы: Сандарды қосудың және көбейтудің негізгі қасиеттері:
ауыстырымдылық
терімділік
үлестірімділік
Жауабы: а) болады; ә) болады; б) болмайды; в) болады.
2. Амалдардың қандай қасиеті берілген теңдік теңбе-теңдік болады деп ұйғаруға мүмкіндік береді:
а) 12(аb-4)=12аb-48; ә) (x-x)a=0?
Жауабы: үлестірімділік қасиет.
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Сабақты қорытындылау.
Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
Неліктен?
Жұмыста нені ескермедіңіздер?
Неліктен?
Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Пайдаланылған әдебиеттер, видеоресурстар:
Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру