Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер | Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 2016 | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.1.10 дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың бөлшек жөнінде білімдерін кеңейте отырып, оларды дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек ұғымдарымен таныстыру, осы тақырып бойынша есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері Білу және түсіну | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу. Академиялық адалдық: Топпен, жұппен жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, идеялармен алмасуға, талқылауға және жұптық, топтық жұмыстарды бағалауға дайын болу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Үлестерді, бөлшектерді өмірден алынған мысалмен, пирогты бөлу, бәлішке байланысты бөлшектер жазумен байланыстыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Bilimland сайтымен жұмыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үлестер, бөліктерге бөлу туралы біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ түрі | Жаңа білімді меңгерту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Оқушылармен амандасу, түгендеу. Коллаборативті орта құру. Фронтальді сұрау. Білімін актуалдандыру үшін «Не туралы сұрағанын анықта?» әдісі бойынша, бұл әдіс оқушыларды ойлауға, ойын жүйелеуге жұмылдырады. (алдын ала үлестірмелер дайындалады, оқушылар кезекпен келіп үлестірмені алып өзі сұрақты іштей оқиды да, жауабын дауыстап айтады, оқушылар үлестірмеде қандай сұрақ қойылғанын табады)
Презентация бойынша ауызша есептермен жаттығу. | РРТ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 минут | Жетелеуші сұрақтар бере отырып бүгінгі сабақ тақырыбын оқушылардың өздеріне аштыру.
Берілген бөлшектердің айырмашылықтары бар ма? Бұл айырмашылықтар бүгінгі біздің сабағымыз болатын. Сабақ тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
Жаңағы мысалға қайтадан оралу. Осы берілген бөлшектерді өздеріңнің қалауларың бойынша топтаңдар. (Мақсат бұл бөлшектерден алымы бөлімінен кіші бөлшектерді бір жолға; алымы бөлімінен үлкен бөлшектерді бір жолға жаздыру.) Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1-ден үлкен немесе 1-ге тең. Bilimland сайтымен жұмыс жүргізу. | РРТ Bilimland | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
18 минут | Жұптық тапсырма: Мақсаты: Дұрыс және бұрыс бөлшектерді жазып білу. №1. Үш сан берілген: 11; 12; 13. Осы берілген сандарды пайдаланып дұрыс және бұрыс бөлшектер жазыңдар. Тексереді, бірін-бірі бағалайды.
№2. а) берілген бөлшек а – ның қандай мәнінде бұрыс бөлшек болады? в) берілген бөлшек а – ның қандай мәнінде дұрыс бөлшек болады? с) кестені толтырып, дұрыс және бұрыс бөлшектерді бөліп жазыңдар.
№3. Жұптар арасында диалогтік тәсілді қолдану. Мақсаты: Оқушылардың математикалық тілде сөйлеу дағдысын дамыту, алған білімді қолдануын бақылау.
Жауаптарды тыңдап, талқылайды. | РРТ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 минут | Шығармашылық тапсырма (жеке ойлануға беріледі) Мақсаты: Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын білу, бөлшектерді салыстыруда қолдану.
| үлестірмелер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Қорытындылау Рефлексия Үйге тапсырма оқулықтан беріледі. №488 | Алдамұратова Т.А. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Дифференциацияланған тапсырмаларды ұсыну. 2.Шығармашылықпен жұмыстандыру. | Оқушылардың жұптық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және критерийлер бойынша тексеру жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу | Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, коллаборативті орта ұйымдастыру; сабақ алдында бөлмені желдетіп алу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: . 2: . Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?