Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Оқу мақсаты:

4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

бөлшек;

дұрыс бөлшек;

бұрыс бөлшек;

аралас сандар

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қозғалыс пен өнімділікке берілген есептерді шығара алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Тақырыпқа кіріспе ретінде «Кроссенс» тәсілін қолдану.

Кроссенс (ағыл. мағыналардың қиылысуы) – суреттер орналастырылған 9 квадраттан тұратын өрісте берілген ассоциативтік тізбек. Әрбір сурет мағынасы бойынша алдыңғысымен және кейінгісімен байланысты. Негізгі мағына 5 квадратта топталады.

Оқушыларға кестедегі суреттің осы суреттер сияқты байланысты екенін орнату және сабақтың мазмұны мен қол жеткізу керек мақсатқа шығу.

Оқу мақсатымен таныстыру: бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату.

. Бөлшек, үлес ұғымдарын еске түсіру. Ламинатталған қағазға бөлшек мысалдарын жазу. Сұрақтар қою:

- Бөлшек арқылы бөлу амалын көрсетуге бола ма? - Үлестің бөлшектен не айырмашылығы бар?

- Өздерің жазған мысалдан үлесті ата. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. Оларға бірнеше алмалар немесе шоколадтар таратыңыз. Өзара бөлісуды тапсырыңыз. Алмалар немесе шоколадтар саны балалар санынан, және тең болғандағы жағдайларды жеке орындатып, нәтижелердің әртүрлілігіне оқушылар назарын аудару. Әр оқушыға тиесілі алма немесе шоколад санын табу үшін қандай амал орындағанын сұрау. Бөлу амалын бөлшек арқылы жазу. Жазылған бөлшектердің алымы мен бөлімін салыстыру арқылы, түрлерге бөлу. Осы жағдайды қорытындылау арқылы дұрыс, бұрыс бөлшек анықтамасын тұжырымдау. Мысал келтіру. Келесіде оқушыларға тең екі бөлікке кесілген бір апельсин мен тағы да жарты апельсин көрсету. Екі жарты апельсинді біріктіріп, бүтін апельсин болатынын көрсету. Оқушыларға бір жарым апельсиннің қалай пайда болғанын жазып көрсету. Бүтін мен бөлшектің қосындысы арқылы жаңа сан түрі алынғанын, оның аралас сан екендігін түсіндіру.

Есептерге сәйкес макеттер

Ламинатталған парақтар

Алма, апельсин немесе шоколадтар суреті

Сабақтың ортасы

(Т) Шығарып көр. Оқушылар дұрыс, бұрыс бөлшектерді және аралас сандарды бөлек жинау. Осы жұмыстың орындалуын бақылау арқылы оқушылардың бөлшек түрлерін ажырата алатындығына көз жеткізу. Жеке оқушыларға көмек берудің әдістерін қолдану. Жауаптары: дұрыс бөлшектер —

(Ж)Ойлан.

Оқушылар суреттердегі боялған бөліктерді аралас сан және бұрыс бөлшек ретінде жазу. Тапсырманы орындауда бөлшекті тану, аралас сандар мен бұрыс бөлшек байланысын түсіну деңгейін көрсету. Бір-бірімен жауаптарын салыстыру арқылы дұрыстығына көз жеткізу. Болмаған жағдайда талқылау жасау.

(Ө)Шығарып көр. Бөлшек арқылы жазу. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы өлшем бірліктерді қайталау, келесі сабақ тақырыбын меңгеру үшін дайындық жасау.

Қалыптастырушы бағалау

(Ө) Орындап көр. Оқушы бұл тапсырманы орындауда сабақтағы үйренгенін қолдана алатынын көрсету. Жеке орындау. Дәптердегі жазуларды бақылау.

Есептер жазылған қима қағаздар

Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушыларға стикерлерге мыналарды жазуды ұсыну:

- Сабақтағы екі жақсы түсінген екі терминді жазу: - Сабақтағы түсінбеген бір есепті жазу (не туралы?):



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу