Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А бөлімі–«Бөлшектер. Есептер»

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.2 жай бөлшектерді/ бөлімдері/алымдары бірдей жай бөлшектерді/ аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу/ бұрыс бөлшекті аралас санмен жазу оқу және салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Жай және аралас бөлшектерді жазу,оқу.

 Бағалау критерийлері

  • Аралас санды бұрыс бөлшекпен жазады, оқиды, салыстырады.
  • Бұрыс бөлшекті аралас санмен жазады, оқиды, салыстырады.

Тілдік мақсаттар

 

Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас бөлшек, жай бөлшек, бөлімі, алымы, бүтін, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу,жауапкершілік, еңбекқорлық

 Пән аралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Үлес пен бөлшек ұғымы туралы біледі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Математика болатын.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

Оқушылар ұжыммен өлең жолдарын қайталайды. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

(Ұ) «Ойлан тап!» айдары

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Сурет бойынша талқылау жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады.

  • Балалар, бүгін сабақта не туралы өтетін боламыз?
  • /Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Бағалау критерийлерін шығару.

Презентация

Сабақ ортасы

5 минут

5 минут

3 минут

5 минут

5 минут

5 минут

(Ұ, МК) «Сен білесің бе?»

Мақсаты: Өткен білімдерін еске түсіру, жаңа сабақпен байланыстыру. Білімдерін бекіту.

  • Үлес дегеніміз не?
  • Бөлшек дегеніміз не?
  • Бөлшек сан нені білдіреді?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, жауапқа сәйкес кері байланыс жасалады. Жаңа сабақ бойынша бейнежазба көрсетіледі/.

(Ұ, Ө) «Сен білесің бе?» Бейнежазба.

Мақсаты: Бөлшек, дұрыс және бұрыс бөлшек, бөлшектің құрылуы туралы түсінік беру.

/Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі/.

  • Бөлшек сан қалай жасалады?
  • Бөлшек сан қалай жазылады?
  • Бөлшек сан нені білдіреді?
  • Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
  • Бөлшектің алымы нені білдіреді?
  • Жай бөлшек дегеніміз не?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, кері байланыс жасалады/.

(Ө, Ж) Математикалық диктант.

Мақсаты: бөлшек сандарды жазуға, оқуға дағдылану.

5/8, 6/9, 45/78, 120/100, 8/15, 12/25, 81/90, 120/40.

Оқушылар диктантты жазып болған соң, жұппен дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы дұрыс нұсқамен өзара тексереді, «+», «-» арқылы бағалайды, кері байланыс жасалады.

(Ө, Ұ, МК) «Айырмашылығын тап»

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушыларға математикалық диктант бойынша жазған бөлшек сандарды мұқият зерделеу қажеттігін айтады.

  • Бөлшек сандардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
  • Оларды қалай топтастыруға болады?

/Оқушылар олардың алымы мен бөлімдерін салыстыра отырып, екі топқа жіктейді/.

Қажеттілігіне қарай, мұғалім бағыт береді.

Оқушыларға дұрыс және бұрыс бөлшек ұғымы енгізіледі.

Алдымен оқушылардың өздеріне тұжырым жасауға мұғалім мүмкіндік беуі керек.

Егер, бөліміндегі сан алымындағы саннан үлкен болса, ол дұрыс бөлшек де аталады.

Егер, бөліміндегі сан алымындағы саннан кіші болса, ол бұрыс бөлшек деп аталады.

(Ө, Ұ) Оқулықпен жұмыс. 52-бет.

Оқушылар оқулықтағы анықтамамен танысып, оқулықта берілген тапсырманы орындайды.

Шығарып көр.Бөлшек арқылы жаз. 53-бет.

Оқушылар дұрыс және бұрыс бөлшек терді топтастырып жазады.

Тапсырма орындалып болған соң, өзара тексеріліп, крі байланыс жасалады.

(Ө) Жұмыс дәптерімен жұмыс.

/Тапсырманы дәлелдей отырып, тексереді, ұжым алдында қорғайды., берілген бөлшек сандарды тағы қалай модельдеуге болатындығын ұсынуына болады,кері байланыс жасалады/.

Презентация

Бейнежазба

Дәптермен жұмыс

Презентация

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия:

«Сөйлемді жалғастыр» әдісі

Есіме .......түсірдім.

Маған ..... қиын болды.

Әлі де .... қайталау керек.

Өзін-өзі бағалау:

  • қолдана аламын және басқаға көмектесе аламын

½ - білемін орындай аламын

¼ - сенімсізбін

Үлгі сөйлемдер

бөлшектер арқылы бағалалайды

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату.

Оқушылардың бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруын, дұрыс/бұрыс бөлшектерді ажырата алуын бағалау.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме?

Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылартуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу