Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер (12 сағ) | Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Байгарина Жулдуз Койбагаровна Токсанова Айнагуль Жумабековна | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ түрі | Өткен тақырып бойынша материалды бекіту және оқушылардың дағдыларын қалыптастыру сабағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.1.10 дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сабақтың соңында оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы - дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымын біледі; - дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата алады; - дұрыс және бұрыс бөлшектерді құрастырады; - дұрыс және бұрыс бөлшектерді салыстыра алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады; - жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады; - бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда және ортақ бөлімге келтіруде қолданады; - координаталық сәуледе жай бөлшекті кескіндеу алгоритмін түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика мен терминология:
-бөлшектің алымы мен бөлімі; - жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)
бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады; - жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді; - бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, ... берілген бөлшектің ... ауыстыруға болады; -... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады; - бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек; - аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек; - натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек; - натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек; - бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту бір-біріне құрметпен қарау, бірлесе отырып жұмыс жасау дағдыларын дамыту, академиялық адалдықты қалыптастыру әрекеттер арқылы іске асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Күнделікті өмірмен байланыс. Адамның практикалық өмірдегі жай бөлшектердің қолданылуы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Натурал сан ұғымын білу және натурал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдарды орындай алу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі - Сәлемдесу - Оқушылардың сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру. - Бағалау критерийлерін тұжырымдау үшін оқушыларды талпындыру. Жұптық жұмыс. «Дұрыс» және «бұрыс» бөлшек ұғымдарын қайталау. Оқушылар кестені жеке толтырады, кейін жұптарда үлгі бойынша дұрыстығына тексереді. Үш тілдегі терминология: - сан – number – число - дұрыс бөлшек – proper fraction – правильная дробь - бұрыс бөлшек – improper fraction – неправильная дробь Тапсырма 1. Кестені толтырыңыз:
Сабақтың берілген кезеңінде құндылықтарды дарыту бір-бірін тыңдау және есту, бір-біріне құрметпен қарау сияқты әрекеттер арқылы іске асады. | Презентация (слайд 1-6) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 8 мин 15 мин 10 мин | Келесі тапсырманы орындау барысында оқушылар жұптарда бір-біріне анықтамаларды тұжырымдап береді. Бағалау критерийлері бойынша өзара бағалай жүргізіледі. Тапсырма 2. Сәйкестікті табыңыз:
Математикалық диктант. Оқушылар жауаптарды дәптерлеріне жазады. Бір оқушы тақтада жұмыс істейді. Кейін тапсырмалардың орындау дұрыстығы бүкіл сыныппен тексеріледі. Сабақтың берілген кезеңінде құндылықтарды дарыту бір-бірін тыңдау және есту, бір-біріне құрметпен қарау сияқты әрекеттер арқылы іске асады. Тапсырма 3. Бөлшекті жазыңыз: 1. Мыңнан бір мың екі жүз елу. 2. Жүз мыңнан тоғыз жүз сексен үш. 3. Екі жүз алпыс екіден төрт жүз бес. 4. Он бірден тоғыздан артық, бірақ он бірден он төрттен кем болатын бөлімі он бірге тең барлық дұрыс бөлшектерді жазыңыз. 5*. Сегізден жетіден артық, бірақ бестен жетіден кем болатын алымы жетіге тең барлық бұрыс бөлшектерді жазыңыз. Тұжырымдама дұрыс па? («иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз): 6. Сегізден сегіз бөлшегі бірге тең. 7. Алымы бөлімінен кем немесе тең бөлшекті дұрыс бөлшек деп атаймыз. 8. Бұрыс бөлшек бірден артық немесе тең. Бүкіл сыныппен жұмыс. Оқушылар тапсырманы жұптарда орындайды, бір-бірін оқытады, өздерінің «жақыннан даму аймағында » жұмысты орындайды. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді. Құндылықты дарыту – бірлесе отырып жұмыс жасау. Тапсырма 4. 1. Бөлшектерді бірмен салыстырыңыз: 2. 3 санын бөлімі 9-ға тең бөлшек түрінде жазыңыз: 3. х-тің қандай мәндерінде бөлшегі дұрыс, ал бөлшегі бұрыс болып табылады? 4. n-нің қандай мәндерінде бөлшегі бұрыс болып табылады? 5. с-нің қандай мәндерінде бөлшегі дұрыс болып табылады? Оқушылар күнделікті өмірдегі жай бөлшектердің қолдануымен таныстырылады: жартысы үштен бір бөлігі ширегі Жеке жұмыс. Оқушылардың оқу мақсаттың меңгеруінің деңгейлерін анықтау мақсатында өзіндік жұмыс өткізіледі. Тест. Сабақтың берілген кезеңінде оқушылардың академиялық адалдық құндылығы дариды. Тест
1) 144 2) 25 3) 35 4) 70
Алынған бөлшектердің ішінен дұрыс және бұрыс бөлшектерді атаңыз. Дұрыс бөлшектер: Бұрыс бөлшектер: Өзін-өзі бағалау парағы
| Қиықшалар Никольский С.М. и другие. Арифметика. Пособие для самообразования. – М., 1988. – 384 с. Үлестірмелі материал Презентация (слайд 7) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Үй тапсырмасы. 1. Үш бөлшекті жазыңыз: 1) бірге тең, 2) бірден кем, 3) бірден артық. 2. с-нің қандай мәндерінде бөлшегі дұрыс болып табылады? Бұрыс ше? 3. ОА = 7 см кесіндісін сызыңыз. Кейін СМ = ОА, ВК = ОА, РН = ОА кесінділерін сызыңыз. Сабақтың соңында рефлексия жүргізіледі: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет . | Үлестірмелі материал | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әрбір оқушыға қолжетімді (дифференциалданған) тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі. Проблемалық жағдай туғызу. | өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауы | Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?