Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А бөлімі–Бөлшектер. Есептер | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс және бұрыс бөлшектер | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.1.1.2 жай бөлшектерді/ бөлімдері/алымдары бірдей жай бөлшектерді/ аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу/ бұрыс бөлшекті аралас санмен жазу оқу және салыстыру | |||||
Сабақ мақсаттары | Жай және аралас бөлшектерді жазу,оқу. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас бөлшек, жай бөлшек, бөлімі, алымы, бүтін, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу,жауапкершілік, еңбекқорлық | |||||
Пән аралық байланыстар | Қазақ тілі және әдебиеті, дүниетану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Үлес пен бөлшек ұғымы туралы біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 минут 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Саған есеп үйреткен, Пәнге қара құрметпен. Санды тура табатын, Математика болатын. Математиканы оқимыз, Миымызға тоқимыз. Оқушылар ұжыммен өлең жолдарын қайталайды. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. (Ұ) Ойлан тап! Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Сурет бойынша талқылау жасалып, сабақтың тақырыбы анықталады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Бағалау критерийлерін шығару. | Презентация | ||||
Сабақ ортасы 5 минут 5 минут 3 минут 5 минут 5 минут
5 минут | (Ұ, МК) Қайталайық!Салыстырайық! Мақсаты: Өткен білімдерін еске түсіру, жаңа сабақпен байланыстыру. Білімдерін бекіту. Салыстырайық -Сызба бойынша шеңбердің үлестерін бөлшек түрінде қалай жазуға болады? -Шеңбердің қай үлесі артық, ал қайсысы кем? -Неліктен? -Қандай қорытынды шығаруға болады? Ереже:Бүтінді неғұрлым көп бөлікке бөлсе, соғүрлым оның үлесі аз болады.Қай бөлшектің алымы үлкен болса сол бөлшектің мәні артық болады. (Ө, Ж) Сурет бойынша бөлшекті анықтап жаз.. Мақсаты: бөлшек сандарды жазуға, оқуға дағдылану. Оқушылар бөлшектерді жазып болған соң, жұппен дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы дұрыс нұсқамен өзара тексереді, «+», «-» арқылы бағалайды, кері байланыс жасалады. (Ө, Ұ) Оқулықпен жұмыс. 54-бет. Оқушылар оқулықтағы анықтамамен танысып, оқулықта берілген тапсырманы орындайды. Шығарып көр.Бөлшек арқылы жаз. 55-бет. Оқушылар бұрыс бөлшектерді аралас санға, аралас санарды бұрыс бөлшектерге айналдырып жазады. Тапсырма орындалып болған соң, өзара тексеріліп, кері байланыс жасалады. (Ө) Жұмыс дәптерімен жұмыс. 52-бет /Тапсырманы дәлелдей отырып, тексереді, берілген бөлшек сандарды тағы қалай модельдеуге болатындығын ұсынуына болады,кері байланыс жасалады/. | Презентация Бейнежазба Дәптермен жұмыс Презентация Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс | ||||
Сабақтың соңы 4 мин | Бағалау. «Сөйлемді толықтыр» Есіме .......түсірдім. Маған ..... қиын болды. Әлі де .... қайталау керек. | Өзін-өзі бағалау | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату. | Оқушылардың жай бөлшектерді/ бөлімдері/алымдары бірдей жай бөлшектерді/ аралас санды бұрыс бөлшекпен жазу/ бұрыс бөлшекті аралас санмен жазу оқу және салыстыру деңгейін бағалау. | Сергіту сәті Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?