Аралас сандар, есептер шығару. Математика, 5 сынып, презентация.
Аралас сандар, есептер шығару
ХЗМ ХББ Атырау қаласы Мүсірова Н.КСабақ мақсаты:
Білімділік 5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;
5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Жетістік критерийлері
аралас сан анықтамасын біледі;
аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра біледі;
бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыра біледі
Тілдік мақсаттар
Ой қозғау (сұрақ- жауап)
Үлес дегеніміз не?
Жай бөлшек дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Дұрыс және бұрыс бөлшектердің айырмашылығы неде?
Бөлшекті қысқартуды қалай түсінесіз?
Аралас сан
Бүтін және бөлшек бөлігі бар сандар аралас сандар деп аталады.
Оқылуы: 2 бүтін 4- тен 1, 5 бүтін 11- ден 7.
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру
Кез келген бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады. Ол үшін:
Бөлшектің алымын бөліміне бөлу керек:
Толымсыз бөлінді аралас санның бүтін бөлігі болады;
Қалдық (егер ол бар болса) бөлшектің алымы, ал бөлгіш бөлімі болады.
орлшо
Б БАралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым етіп алу;
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру.
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру мысалдар
Жұптық жұмыс 1
Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырыңыз
Қосындыны аралас сан түрінде жазыңыз:
Жаяу адам 4 сағатта 22 км жүрді, жаяу адамның
жылдамдығы қандай?
Жұптық жұмыс 2
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырыңыз:
Қосындыны аралас сан түрінде жазыңыз:
Тік төртбұрыштың ауданы
. Оның ұзындығы 6 см. Тік төртбұрыштың ені неше
сантиметр?
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Натурал санды аралас сан түрінде жазыңыз
2) Арман, Айдос,Арман, Марат, Сұлтан 15 балық аулады. 4- еуі осы балықтарды қалай бөліседі?
3) Аралас санның бүтін бөлігін, бөлшек бөлігін көрсет.
Жеке жұмыс
Тапсырма 1. Бос орындарды толтырыңыз.
Тапсырма 2. Берілген сурет бойынша бұрыс бөлшекті жаз және оны аралас санға айналдыр.
Тапсырма 1 тексеріңіз
Тапсырма 2 текеріңіз (сурет бойынша ретімен)
Рефлексия
Нені білдім, нені үйрендім
Нені толық түсінбедім
Немен жұмысты жалғастыру қажет
Сау болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?