Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырмалар: (Топтық жұмыс)

І топ.

№1.Шоколад сатып алу үшін біздің қолымызда 90 теңге бар. Шоколадтар 2 тг, 5 тг және 11 тг тұрады. Сіз қандай шоколад сатып ала аласыз? Неге? Өз жауаптарыңызды негіздеңіз.

№2. Базарға екі жүк машинасы жүк жеткізеді. Біреуі қоймадан базарға дейін 3 сағат, екіншісі 4 сағат жүреді. Олар неше сағаттан кейін базарда кездеседі? Әр машина неше рет жүк әкеледі?

II топ.

№1. Дүкенге 4 жәшік балмұздақ әкелінді. Дүкен иесі балмұздақтарға 2240 тг төлеуі мүмкін бе?

№2. 47(Х+У) саны 5 – ке бөлінетіндей Х пен У – ке үш мысал келтіріңіздер.

ІІІ топ.

№1. Дүкен иесі 12240 тг ақшаға 8 жәшік алма сатып ала алады ма?

№2. Белгісіз шамалардың қандай мәндерінде қалдықсыз бөліну жүзеге асады?

а) 56 ∙ (А+B) саны 14 санына бөлінуі үшін;

б) 144 а + 12B саны 12 санына бөлінуі үшін;

в) 100 а 40а саны 30 санына бөлінуі үшін.

Ж

№1. көбейтіндісінің мәні  8-ге бөліне ме?

Шешуі:

 24 саны 8-ге бөлінетіндіктен көбейтіндісі де 8-ге бөлінеді

№2. 1212+60 қосындысының мәні 12-ге бөліне ма?

Шешуі:

1212 және 60 қосындыларының әрқайсысы 12-ге бөлінетіндіктен 1212+60 қосындысы да 12-ге бөлінеді. Бөлінді 106 –ға тең

№3.117-65 айырмасы 13-kе бөліне ме?

Шешуі:

Азайғыш та, азайтқыш та 13-ке бөлінетіндіктен, 117-65 айырмасы да 13-ке бөлінеді.    

Бағалау.

а. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген санға бөлінгіштігі туралы ережелерді біледі және айта алады;

  • Көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген санға бөлінгіштігін анықтай алады, міндетті деңгей жаттығуларын орындай алады;
  • Тақырыпқа сәйкес орташа дейгейдегі жаттығуларды орындай алады.

Үй тапсырмасы:

№1. Бөлінді орындалу үшін х – тің үш мәнін табыңыз.

а) 44 - х айырымы 11 санына бөлінуі үшін.

б) 45 + х қосындысы 9 санына бөлінуі үшін.

№2* Бөліндінің мәнін есептеңдер және х, у мән беріп бірнеше жауабын табыңыздар:

а) (32х + 16у) : 4 =

б) (25ас – 15bd) : 5=



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу