Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. Математика, 5 сынып, презентация.


Ең үлкен ортақ бөлгіш.

Өзара жай сандар.

Ең кіші ортақ еселік

5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табу;

5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу.

Сабақтың мақсаты

ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыбына байланысты есептер шығарады және өзара жай сандарды анықтай алады.

Бос орынды толтырыңыз

Берілген натурал сандардың ең ______(үлкен) ортақ ______(бөлгіші) деп сол сандардың әрқайсысы ___________(бөлінетін) ең _______(үлкен) натурал санды айтады.

Берілген натурал сандардың әрқайсысына ________(еселік) болатын ең ________(кіші) натурал санды сол сандардың ең ________(кіші) ортақ __________(еселігі) деп атайды.

________(1-ге) тең бір ғана ортақ __________(бөлгіші) бар натурал сандар _____________________(өзара жай сандар ) деп аталады.

__________________________(Өзара жай сандардың) ең кіші ортақ еселігі осы сандардың ________________(көбейтіндісіне) тең.

Мысал:

Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т тас көмір әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген тас көмірдің массалары бірдей. Машина бір рет қатынағанда неше тонна неше тонна тас көмір алып келеді?

Шешуі: 35, 21 және 14 сандарының әрқайсысы тіркемесі бар машинаның бір рет қатынағанда әкелінетін тас көмірдің массасын өрнектейтін санға бөлінуі керек.

35 санының бөлгіштері: 1, 5, 7, 35;

21 санының бөлгіштері: 1, 3, 7, 21;

14 санының бөлгіштері: 1, 2, 7, 14.

ЕҮОБ (35, 21, 14) = 7

Жауабы: 7 тонна.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу