Аралас сандар. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Аралас сандар

Оқу мақсаты:

4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату

4.1.2.14 аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

бөлшек;

дұрыс бөлшек;

бұрыс бөлшек;

аралас сандар

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қозғалыс пен өнімділікке берілген есептерді шығара алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Эстафета» тәсілі. Бірінші оқушы тұрып, дұрыс бөлшекті атайды, ал екіншісі бұрыс бөлшекті атау. Оқушылар кезекпен алдыңғысы отырған бойда келесісі тұрып, бірыңғай ырғақта тұрып, отырады.

Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдыруға болатынын көрсету:

  • бөлшек алымын оның бөліміне бөледі;
  • бөлу қалдығын алымға жазады, ал бөлім сол түрде қалдырылады;
  • бөлу нәтижесі бүтін бөлік ретінде жазылады.

Есептерге сәйкес макеттер

https://youtu.be/-Gg8tRngTcc

Ламинатталған парақтар

Алма, апельсин немесе шоколадтар суреті

Сабақтың ортасы

Шығарып көр. а) Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар бөлшектердің өмірдегі қолданысы мен мағынасын түсіну. Әр бөлшектің интерпретациясын беру. Дұрыс, бұрыс бөлшектерді қайталау. Бұрыс бөлшекті аралас сан жазу үшін таңдау. Бұрыс бөлшекті аралас санға түрлендіруді орындау.

Жауабы: 1 2 — қияр қызанақтың немесе сәбіздің қанша бөлігін құрайтынын көрсетеді.

1 3 — қияр орамжапырақтың қанша бөлігін құрайтынын көрсетеді.

8 3 — барлық көгөністер орамжапырақтың қанша бөлігін құрайтынын көрсетеді.

2 3 — қызанақ немесе сәбіз орамжапырақтың қанша бөлігін құрайтынын көрсетеді.

2 2 — қызанақ сәбіздің немесе сәбіз қызанақтың қанша бөлігін құрайтынын көрсетеді.

3 8 — орамжапырақ барлық көгөністердің қанша бөлігін құрайтынын көрсетеді.

8 3 22 3 = . ә) Тапсырманы орындау арқылы оқушылар бөлшектерді түрлендіруге жаттығады. Тапсырманы орындау кезінде оқушылардың материалды түсіну деңгейін бақылау арқылы байқайсыз. Жекелеген оқушыларға көмек көрсету арқылы, жұмысы нәтижелі оқушыларға мадақтау арқылы қолдау жасаңыз. Жауабы: 3 2 1 1 2 = ;

46 7 6 4 7 = ;

3 7 9 34 9 = ;

102 5 20 2 5 = ;

б) Бұл тапсырма оқушылардың сыни ойлауына мүмкіндік беру. Бөлшек мағынасын түсінуге, басқа пәндермен байланыстыруға үйретеді. Жауабы: «Адам терісінің 1 2 3 бөлігі суыққа төзімсіз» — мүмкін емес, себебі адам денесі 1 бүтін деп есептеледі. «Ғаламшарымыздың 3 10 бөлігін құрлық жер алып жатыр» — мүмкін, әрі дұрыс.

Ойлан. Оқушылардың тапсырманы орындау арқылы танымын кеңейту, мәтінді бөлшек арқылы жазадыру, бөлшек түрін анықтау, аралас санды бұрыс бөлшек арқылы жазадыру. Жауаптары: 96 828 дұрыс бөлшек; себебі, ең ұзыны 828 м, ең қысқасы — 96 м, алымы 96 бөлімі 828-ден кіші. 828 540 бұрыс бөлшек. . 333 97 324 97 = .

Орындап көр. Оқушыларға дұрыс және бұрыс бөлшекке мысал келтіруді тапсыру. Ішінара оқушылардан жазғанын оқуды сұрау. Өзі жазған бөлшекке мысал келтіру. Оқушыларға қиындық тудырған болса, өздері алдыңғы сабақтарда орындаған шоколадтарды бөлу туралы ойынды еске түсіру. Сұрақтар қою:

- Шоколадтар саны балалар санынан кем болса, әр балаға бүтін шоколадтан тиюуі мүмкін бе?

-Әлде шоколдадтың бөлігі ғана тие ме?

- Шоколадтар саны балалар санынан артық болса, қалай болады?

-Онда әр балаға тиетін шоколад бүтін болуы мүмкін бе?

- Ал шоколадтар саны балалар санына тең болғанда, не байқадыңдар?

Ойлан. Оқушыларға тапсырманы орындату арқылы танымын кеңейту, мәтінді бөлшек арқылы жаздыру, бөлшек түрін анықтау, аралас санды бұрыс бөлшек арқылы жазу. Жауаптары: 96 828 дұрыс бөлшек; себебі, ең ұзыны 828 м, ең қысқасы — 96 м, алымы 96 бөлімі 828-ден кіші. 828 540 бұрыс бөлшек. . 333 97 324 97 = .

Есептер жазылған қима қағаздар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушыларға жолақ стикерлер таратып, сабақтағы жұмысын бағалауды ұсыныңыз. Олар баспалдақ суретінің белгілі бір жеріне оны жапсыруы керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу