Аралас сандар. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зыкрина С.Ж.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аралас сандар

Сабақ түрі

Жаңа материалмен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.11

аралас сан анықтамасын білу;

 5.1.2.13

бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар аралас сандарды оқи және жаза алады, бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруды үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ мақсатына жетеді, егер:

- аралас санды жаза біледі;

- бүтін бөлік пен бөлшек бөлікті айырады;

- аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;

- бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • аралас сандар;
  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
  • бір жарым, екі жарым, т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;

- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;

- натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек;

- натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек;

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;
  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;
  • сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Психологиялық тренингтер, математикалық логика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Tarsia бағдарламасымен құрылған математикалық домино

Бастапқы білім

Дұрыс және бұрыс бөлшектер туралы білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.

Мұғалім оқушылармен өздеріне сенімділігін арттыруға және өзін сыйлауға бағытталған жаттығу орындайды.

Мысалы:

«Достық себезгі»

Мұғалім оқушыларды бір-бірінен шағын қашықтықтағы екі қатарға бір-біріне қаратып орналастырады. Бір оқушы осы қатарлардың арасынан өтеді («себезгіден»). Әр оқушы оны достықпен арқасынан қағып, қолын алып, бір уақытта мақтау сөздер айтып қолпаштайды. Осындай себезгіден өту нәтижесінде қуаныштан жайнаған, бақытты оқушылар шығып, өз орнына тұрған соң ойын ары қарай жалғасады (2-3 рет, конкурс жеңімпаздарын, олимпиадаға қатысушыларды қолпаштауға қолдануға болады).

Сабақтың ортасы

3 мин

7 минут

5 минут

2 минуты

10 минут

10 минут

Үй тапсырмасын талдау.

Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.

Өткен материалды қайталау.

Слайд № 1

Оқушылар сабақ тақырыбы жасырылған ребусты шешеді. Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді қорытады.

Дарытылатын құндылықтар: қарым-қатынастағы ашықтық.

Оқушылар 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді және Tarsia бағдарламасымен құрылған математикалық домино құрастырады.

Жаңа материалды түсіндіру.

Венн Диаграммасы әдісі

Тақта үш бөлікке бөлінеді. Ортаңғы бөлікке оқушылар «Аралас сан» және «Бұрыс бөлшек» ұғамдарына ортақ мәліметті жазады, ал қалған екі бөлікке әр ұғымның ерекшеліктерін сипаттайды. Диаграмманы талдаған соң, мұғалім сұрақтар қояды:

- Бұрыс бөлшекті аралас санға ауыстыруға бола ма?

Оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.

Осылайша оқушылар өз бетімен ережені қорытуға бағдарланады.

Слайд № 2

Слайд бойынша мұғаліммен бірге бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырудың анықтамасын жазып алады.

Сергіту сәті.

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге жаттығулар орындайды.

Бір – созыламыз, созыламыз,

Екі – жиырыламыз, жазыламыз,

Үш – алақанды үш соғамыз,

Басымызды үш иеміз.

Төрт дегенде – қолды жаз.

Бес – қолды сермейміз,

Алты – отырамыз.

Бекіту. Жұптық жұмыс.

Оқушыларды негізгі және жоғары деңгейлі қабілеттері бойынша жұптарға бөліңіз.

Мұғалім оқушыларға қиындық деңгейі бойынша дифференциацияланған тапсырмаларды орындауға ұсынады. Тексеру дайын жауаптар бойынша оқушылардың өздерімен орындалады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, қажет жағдайда қолдау көрсетеді.

Дескриптор: Білім алушы

- жауапты аралас сан түрінде жазады;

- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазады;

- өлшем бірліктерді ауыстырады және аралас сан түрінде жазады.

Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады.

Жазбаша формативті бағалау.

Оқушылар жазбаша жұмыс орындайды (негізгі және жоғарғы деңгей бойынша).

Дескриптор: Білім алушы

- бүтін бөлікті анықтайды;

- бөлшекті бөлікті анықтайды.

Дарытылатын құндылықтар: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік.

Үй тапсырмасы.

Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді.

Презентация.

Қосымша 1

http://hermitech-laboratory.software.informer.com/

http://nsportal.ru/shkola/raznoe/library/2015/03/01/fizminutki-na-urokakh-matematiki

Қосымша 2

http://worksheets.tutorvista.com/mixed-numbers-worksheets.html

Математика. Арифметика. Геометрия. 5 класс: учеб.для общеобр. организаций. Бунимович Е.А., Дорофеев Г.В., 2014.

Қосымша 3

Free Math Worksheets @ http://www.mathworksheets4kids.com

Қосымша 4

http://ps57mathteam.wikispaces.com/file/view/impro-to-mix+Fractions.pdf

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.

Қолдорба әдісі

Мақсаты – оқушылардың оқудағы және мүмкін болғанда, басқалармен қарым-қатынасындағы жетістіктерін анықтау. Қолдорба бір оқушыдан екінші оқушыға көшіп отырады. Әр оқушы өз жетістігін айтумен қатар нақты мысал келтіреді. Егер ойлану керек болса «кезекті өткіземін» деуге болады.

Мысалы: мен аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруды үйрендім...

мен қандай сандардың аралас болатынын түсіндім….

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында жұптық жұмыста және ке жұмыс барысында оқушылар негізгі және жоғарғы деңгейлер бойынша саралау орындалады.

Әрбір сабақ кезеңі барысында мұғалімнің тиімді және конструктивті кері байланысы беріледі. Жұптық жұмыс барысында дайын жауаптар бойынша өзара бағалау, жеке жұмыс барысында өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу