Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Математика 3-сынып

Дидактикалық материалдар

Тақырыбы: . Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

1.Қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы мәлімет.

Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Қазақ хандығының құрылу кезеңін баян еткен шығыс жылнамалырын талдап шыққан ресейлік зерттеуші Т. Сұлтанов Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханның бөлініп шығу жылын Һижраның 864/1459-60 жж. Деп көрсеткен болатын.

Керей хан (т.ж.б. – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ орда ханы Орыстың ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған «Тауарих – и гузида – йи нусратнаме» дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. Мұхаммед Хайдар дың «Тарихи – и Рашиди» атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге XV ғасырдың 50 – жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472 – 73 жылдары, Жүніс хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның шабуыл жасауына байланысты аталады. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.

Керей ханның қандай жағдайда, қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ. Керей ханның үш баласы болды. Олар: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан астам Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.

Жәнібек хан, Әбу Сайд (т.ж.б. – 1470) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның ұрпағы Барақ ханның кіші ұлы. Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған. 1428 жылы әкесі Барақ хан (Ақ Орда ханы) өлген соң, Дешті Қыпшақтағы саяси билік Әбілқайыр ханға көшеді.

2.Екі таңбалы сандарды өсу ретімен,ал үш таңбалы сандарды кему ретімен көшіріп жаз.

Көбейткіш

24

33

21

Көбейткіш

2

3

4

Көбейтіндінің мәні



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу