Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: . Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Оқу мақсаттары: мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: А3 парақшалар,кесте
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Бұл сабақта екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді меңгеруі тиіс.
Бірліктерді көбейтіп,бірлітердің астына жазады.
Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың асына жазады.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Оқушыларға қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы әңгімелеңіз.
1-тапсырманы орындауды ұсынады, балалардан бұл монумент туралы не білетінін және оның авторы кім екенін сұраңыз.
Оқушылар екі таңбалы сандарды өсу ретімен, ал үш таңбалы сандарды кему ретімен жазады, Астана орталығында орналасқан монументтің авторы кім екенін біледі.
Белсендіру.
Математикалық ойындардың көмегімен жаңа тақырыпты дұрыс түсіну үшін көбейту мен бөлу кестесін жақсы меңгеру керек.«Домино» ойыны топпен жүргізіңіз. Әр топқа бір жағында домино ойынындағы элементтердің суреті бар карточкалар жиынтығы, екінші жағында көбейту мен бөлу кестесі бойынша өрнектер беріледі. Оқушылар карточкаларды кезекпен алып жауап береді. Егер жауап бірден дұрыс болса, оқушылар карточканың екінші бетінде көрсетілген балды иеленеді, егер екінші ретте дұрыс жауап берсе, екі санның үлкенірегін иеленеді, ал егер екінші сәтсіз болса, онда команданың жинаған ұпай сандарынан екі санның кіші саны алып тасталынады. Сондықтан, егер топ өз жауабына сенімсіз болса, екінші кезеңді қолданбағаны дұрыс.
Қосындыны санға көбейту ережесі мен сан құрамын қайталау үшін оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, есепті қалай шығарғанын түсіндіруді ұсыныңыз.
(екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөлдік, бөліп тұратын көбейту қызметін қолданып, қосуға сәйкес, есептедік)
Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
– Бұл өрнекте қандай жаңалық бар? (екі таңбалы санның бір таңбалы санға көбейтіндісін табу.)
– Көбейтіндіні бағанға жазып, бұл өрнектің мәнін тауып көріңдер.
– Баған түрінде жазу сіздерге таныс, оның мақсаты: бірлікті бірліктің астына, ондықты ондықтың астына жазады.
Ұсынылған екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген тапсырманы жазбаша орындау мәселелі жағдаятқа әкеледі.
Жаңаны ашу.
Мәселелі жағдаяттан шығу үшін және жаңаны ашу үшін балалар бір таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту алгоритмімен таныстырыңыз.
Оқушылар жазбаша көбейтуді дұрыс орындау үшін, «бағанға» дұрыс жазу керек екенін түсіндіреді. Алдымен бірінші көбейткішті, астына екінші көбейткішті жазады. Бір таңбалы сан тек бірліктен тұрады, сондықтан оны бірліктің астына жазады.
Алдымен бірліктерді көбейтеді: 3⋅2=6, бірліктің астына жазады. Ондықтарды көбейтеді: 4⋅2=8, ондықтардың астына жазады. Жауапты оқиды:86
3-тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.
Жұппен жұмыс жасау ережесі.
1. Ақырын және байыппен сөйле.
2. Өз достарыңа құрметпен қара, жұбыңды мұқият тыңда.
3. Жолдасыңды бөлмей, оны аяғына дейін тыңдауға тырыс.
Бірінші бағандағы өрнектердің мәнін табу кезінде жұппен жұмыс түрін қолдануға болады «амалдар бойынша»: бірінші оқушы алгоритм бойынша әрекетті түсіндіреді, екінші оқушы жазып отырады, бірінші оқушы тексереді; бірінші оқушы бірлікті санға көбейтеді, нәтижесін айтады, екінші келісіп, жазады; екінші оқушы осы санға ондықты көбейтеді, нәтижесін айтады, бірінші оқушы келісіп, алгоритмге сәйкес жазады, екіншісі тексереді.
Екінші бағандағы өрнектің мәнін есептеуді ұсынуға болады, «материал элементтерін бөлу» жұмысын жұппен жұмыс жасауды қолданып: бірінші оқушы бар жұмысты өз мойнына алады, ал екінші оқушы бақылайды.Үшінші бағандағы өрнекті шығарғанда, оқушылардың қызметтері өзгереді.
(Ж.Ж)4- тапсырманы жұп бойынша есептеуді ұсыныңыз.Оқушылар жұп болып,есептің шартын қағазға құрады. Есептің сұрағын қойып,шешуін жазуды тапсырылады.Жауабын жұпта өзара тексеру ұйымдастырыңыз.
а)Маусым айында – 43 оқушы
Тамыз айында -?, 2 есе артық ? оқушы
Ш:1) 43·2=86 (о)
2) 86+43=129(о)
Ж:Астанада барлығы 129 оқушы болды.
Автобуспен – 13 сағат
Пойызбен -?, 3 есе артық ? сағ
Ш: 1) 13·3=39 (сағ)
2) 39+13=52(сағ)
Ж: оқушылар жолға барлығы 52 сағат уақыт жұмсады.
Жаңаны қолдану.
5-(а) тапсырманы орындайды, кесте бойынша өрнектер құрастыруды және оларды бағанға тізіп жазуды да, көбейту компоненттері бойынша алған білімдері негізінде есептеп шығаруды ұсыныңыз.
Көбейткіш | 24 | 33 | 21 |
Көбейткіш | 2 | 3 | 4 |
Көбейтіндінің мәні | 48 | 99 | 84 |
24·2=48
33·3=99
21·4=84
5(ә)-тапсырманы орындау барысында оқушылар «екі есе артық» деген сөзді қолдана отырып, кестеде берілген сандық мәліметтер бойынша екі әрекетті тапсырма құрастыруды ұсыныңыз.
Мектеп асханасында бірінші кезекте 24 оқушы тамақтанды.Одан 2 есе артық оқушы екінші ауысымда тамақтанды.Барлығы екі ауысымда неше оқушы тамақтанды.
І кезекте-24 оқушы
ІІ кезекте - ?, 2 есе артық? оқушы
Ш: 24·2=48 (оқушы)
Ж: барлығы 48 оқушы тамақтанды.
Өткенді қайталау.
6-тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1.Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Оқушылар теңдеуді алгоритмге сай шешеді.Жауапты тексеру үшін бірнеше оқушыны белгілеп, олардың жұмысын бақылау.
50·х=500-150 у:90=36:12 1000-х=600-53
50·х=350 у:90=3 1000-х=547
х=350 :50 у=90·3 х=1000-547
х=7 у=270 х=453
50·7=500-150 270:90=36:12 1000-453=600-53
6 ә) тапсырманы орындайды, қандай тәсілді қолданатынын түсіндіре отырып: мүмкіндіктер тармағын құрастыру немесе кесте құру.
Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін мұғалім балаларға өз біліктіліктерін мақсаттарымен сәйкестендіруді ұсынады: кім сабақ барысында қолдарынан не келетінін түсінді:
- 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдану;
- 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмімен сәйкес түсінік беру;
23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?