Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


102-сабақ. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар

Тақырып:Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.

Бірқатар оқушылар:

23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді алгоритммен сәйкестендіруді түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді бағанға жазу ыңғайлы.

Бірліктерді бірлікке көбейтіп, бірліктердің астына жазады.

Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады.

Хат:

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтуді бағанмен жазыңдар, мүмкіндіктер тармағын құрастыру.

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандарды разрядты қосылғыштарға ажырату, қосуға қатысты көбейтудің қасиетін тарату.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Мұғалім оқушыларға қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы әңгімелейді.

1-тапсырманы орындауды ұсынады, балалардан бұл монумент туралы не білетінін және оның авторы кім екенін сұрайды.

Оқушылар екі таңбалы сандарды өсу ретімен, ал үш таңбалы сандарды кему ретімен жазады, Астана орталығында орналасқан монументтің авторы кім екенін біледі.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Оқулық

3-4-cлайдтар

4-6

Белсендіру.

Математикалық ойындардың көмегімен жаңа тақырыпты дұрыс түсіну үшін көбейту мен бөлу кестесін жақсы меңгеру керек.«Домино» ойыны топпен жүргізіледі. Әр топқа бір жағында домино ойынындағы элементтердің суреті бар карточкалар жиынтығы, екінші жағында көбейту мен бөлу кестесі бойынша өрнектер беріледі. Оқушылар карточкаларды кезекпен алып жауап береді. Егер жауап бірден дұрыс болса, оқушылар карточканың екінші бетінде көрсетілген балды иеленеді, егер екінші ретте дұрыс жауап берсе, екі санның үлкенірегін иеленеді, ал егер екінші сәтсіз болса, онда команданың жинаған ұпай сандарынан екі санның кіші саны алып тасталынады. Сондықтан, егер топ өз жауабына сенімсіз болса, екінші кезеңді қолданбағаны дұрыс.

Қосындыны санға көбейту ережесі мен сан құрамын қайталау үшін оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, есепті қалай шығарғанын түсіндіреді.

(екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөлдік, бөліп тұратын көбейту қызметін қолданып, қосуға сәйкес, есептедік)

Оқулық, дәптер, карточкалар жиынтығы

5-слайд

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

– Бұл өрнекте қандай жаңалық бар? (екі таңбалы санның бір таңбалы санға көбейтіндісін табу.)

– Көбейтіндіні бағанға жазып, бұл өрнектің мәнін тауып көріңдер.

– Баған түрінде жазу сіздерге таныс, оның мақсаты: бірлікті бірліктің астына, ондықты ондықтың астына жазады.

Ұсынылған екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген тапсырманы жазбаша орындау мәселелі жағдаятқа әкеледі.

12-29

Жаңаны ашу.

Мәселелі жағдаяттан шығу үшін және жаңаны ашу үшін балалар бір таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту алгоритмімен танысады.

Оқушылар жазбаша көбейтуді дұрыс орындау үшін, «бағанға» дұрыс жазу керек екенін түсіндіреді. Алдымен бірінші көбейткішті, астына екінші көбейткішті жазады. Бір таңбалы сан тек бірліктен тұрады, сондықтан оны бірліктің астына жазады. Алдымен бірліктерді көбейтеді: 3⋅2=6, бірліктің астына жазады. Ондықтарды көбейтеді: 4⋅2=8, ондықтардың астына жазады. Жауапты оқиды:86

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3-тапсырманы жұппен орындайды.

Жұппен жұмыс жасау ережесі.

1. Ақырын және байыппен сөйле.

2. Өз достарыңа құрметпен қара, жұбыңды мұқият тыңда.

3. Жолдасыңды бөлмей, оны аяғына дейін тыңдауға тырыс.

4. Ескертпені мәдениетті түрде жаса, дөрекі сөйлеме.

5. Егер қиындықты шеше алмасаңдар, онда мұғалімнен көмек сұраңдар.

Бірінші бағандағы өрнектердің мәнін табу кезінде жұппен жұмыс түрін қолдануға болады «амалдар бойынша»: бірінші оқушы алгоритм бойынша әрекетті түсіндіреді, екінші оқушы жазып отырады, бірінші оқушы тексереді; бірінші оқушы бірлікті санға көбейтеді, нәтижесін айтады, екінші келісіп, жазады; екінші оқушы осы санға ондықты көбейтеді, нәтижесін айтады, бірінші оқушы келісіп, алгоритмге сәйкес жазады, екіншісі тексереді.

Екінші бағандағы өрнектің мәнін есептеуді ұсынуға болады, «материал элементтерін бөлу» жұмысын жұппен жұмыс жасауды қолданып: бірінші оқушы бар жұмысты өз мойнына алады, ал екінші оқушы бақылайды.Үшінші бағандағы өрнекті шығарғанда, оқушылардың қызметтері өзгереді.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Ж.Ж)4- тапсырманы жұп бойынша есептейді.Оқушылар жұп болып,есептің шартын қағазға құрады. Есептің сұрағын қойып,шешуін жазуды тапсырылады.Жауабын жұпта өзара тексеру ұйымдастырылады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Дәптер, оқулық,

6-слайд

7-слайд

8-9-слайд

30-40

Жаңаны қолдану.

5- тапсырманы орындайды, кесте бойынша өрнектер құрастырады, оларды бағанға тізіп жазады да, көбейту компоненттері бойынша алған білімдері негізінде есептеп шығарады.

5(ә)-тапсырманы орындау барысында оқушылар «екі есе артық» деген сөзді қолдана отырып, кестеде берілген сандық мәліметтер бойынша екі әрекетті тапсырма құрастырады.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Өткенді қайталау.

(Ж.Ж) 6-тапсырманы жұппен орындайды.Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1.Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар теңдеуді алгоритмге сай шешеді.Жауапты тексеру үшін бірнеше оқушыны белгілеп, олардың жұмысын бақылау.

 «Шапалақ» арқылы бағалау

 Оқушылар теңдеуді алгоритмге сәйкес есептейді.

 Оқушылар №6 ә) тапсырманы орындайды, қандай тәсілді қолданатынын түсіндіре отырып: мүмкіндіктер тармағын құрастыру немесе кесте құру.

10-слайд

11-13-слайд

41-45

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін мұғалім балаларға өз біліктіліктерін мақсаттарымен сәйкестендіруді ұсынады: кім сабақ барысында қолдарынан не келетінін түсінді:

  • 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдану;
  • 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмімен сәйкес түсінік беру;
  • 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіру.

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу