Гүлзарлар мен көгалды алаңдар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


78-сабақ. Ауызша көбейту мен бөлудің тәсілдері

Тақырып: Гүлзарлар мен көгалды алаңдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Ауызша есептеу тәсілдерін орындау (разрядтан бойынша өтпей).

Бірқатар оқушылар үшін:

Есептеу тәсілдерін қалай орындау керек екенін түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Есептеу тәсілдерін қалай орындауға болатынын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Есептеу тәсілдері, амалдар қасиеті

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есептеуді қалай орындау керек?

Қандай тәсілдер қолданылады?

Жазу:

Өрнектерді жазу.

Алдыңғы сабақта алған білім

Көбейту мен бөлу кестесі. 10 мен 100 сандарына, толық ондықтарға көбейту және бөлу, көбейтудің терімділік қасиеті, қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға көбейту ережесі, 100 көлемінде ауызша көбейту және бөлуді орындау кезінде қосындыны санға көбейту.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Ынталандыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

4–6

Белсендіру.

Тақтада 18, 36,7, 35, 42, 48, 28,49, 56, 60 түріндегі сандар қатары жазылған.

Тек бөлінетіндерін ғана жазып алу керек:

1-нұсқа– 6-ға бөлінетіндер;

2-нұсқа – 7-ге бөлінетіндер.

Үлгі бойынша тексеру.

Есептеңдер. Қосындыны санға бөлуде бірнеше тәсіл қолдануға болатын өрнектердің астын сыз.

(30 + 24) : 6 = ....... (21 + 35) : 7 = .......(40 + 32) : 8 = ....... (14 + 13) : 3 = .(28 + 12) : 5 = ..... (25 + 11) : 4 = .......

Тапсырмалары бар карточкалар

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.

12–29

(Т.Ж)1-тапсырма. Бұл тапсырманы қатар бойынша жарыс түрінде (егер оқушылар қатар бойынша отырса) немесе топта орындайды. Тапсырманы жазып қима қағазға жазып,тақтаға ілінеді.Бұрын жауабын тапқан оқушы гүлді гүлзарға орналастырады. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай қатардың оқушысы (топтың) болса, сол қатарға (топқа) ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған қатар (топ) жеңіске жетеді.

(Ж.Ж)2-тапсырманы жұпта орындайды. Берілген мысалдар қосындыны санға көбейту және бөлу дағдыларын дамытуға бағытталған. Әр өрнекті шығарудың тиімді тәсілдері бойынша шығарады.

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолданады.

(Ө.Ж) 3-ші тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындалады.Орындау нәтижесін эталонмен салыстырады, тексереді және бағалайды.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

8-12 ұпай- «Өте жақсы»

5-7 ұпай- «Жақсы»

4-1 ұпай- «Талпын» деп бағаланады.

(Ж.Ж) 4-тапсырманы жұпта орындалады. Тапсырманы орындап болған соң, бұрын орындаған жұптар өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді; өрнектегі амалдардың орындалу ретін түсіндіреді. Оқушылар өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі мен төрт арифметикалық амалдың (көбейту, бөлу, қосу және азайту) орындалу тәртібін анықтайды.

  • Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесіне негізделген санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады.(Көмек қажет ететін жұпқа көмек көрсету)
  • (Т.Ж) Ауданын тап.5-тапсырма. Шаршы тәрізді көгалдың ауданын табады. Тапсырманың шартымен танысуды ұсыныңыз. Не белгілі? Нені табу қажет? Шаршының ауданын қалай табуға болатынын еске түсіреді. (S = a • a, a-шаршының қабырғасы.) Оқушылар шаршылардың ауданын топта есептейді.
  • (Т.Ж) 6-тапсырма топта орындалады. Бұл есеп қосындыны санға бөлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Есеп қосындыны санға бөлу амалын орындауға жаттықтырады және сандарды салыстыруға мүмкіндік береді.
  • Өрнек бойынша есеп құрастырады.
  • (Ж.Ж) 7-тапсырма жұппен орындалады.Бұл есеп заттардың қаншасы артық немесе кем екенін табуға арналған тапсырма.
  • (Ж.Ж) 8-тапсырма жұпта орындалады.Есептің берілгенін оқиды,талдайды.Не белгілі, нені табу керектігін анықтайды.Жұпта орындап дұрыс орындаған топ тақтаға жазады.
  • (Т.Ж) 9-тапсырма. «Ойлан,тап!» Тапсырманы топта орындайды. Топта ойласады,талдайды амалдарды орындайды.Масса бірліктеріне байлансты амалдарды қолдана білуге арналған тапсырма.Тапсырмалар қағазға жазылып топқа таратылады.Жауаптарын параққа жазып дайын эталон арқылы тексеріп, салыстырады.
  • (Ж.Ж)11-тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар тапсырмадағы не белгілі,не белгісіз екенін табады. Жұптағы оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап беруі немесе әрбір сұрақты бірге талқылап, өз жауабын айтады. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар басқа жұпқа бірігіп, бірін-бірі тексереді.
  • .Ж)12-тапсырма топта орындалады.Әр топқа тапсырма жазылған таратпа қағаз таратылады.Сол дайын параққа топпен ойласып , ақылдасып жауабын жазады.Жауаптарын эталон арқылы салыстырады,талдайды,тексереді.
  • .Ж) Салыстыр.13-тапсырманы өз бетінше орындайды.Бұрын шығарған оқушы жауабын оқиды.
  • (Ө.Ж) «Тиісті таңбаны қой» 14-тапсырма оқушылар параққа жазылған өрнекке тиісті таңбалар мен жақшаларды қойып, орындайды.

Дәптер, оқулық

5-6-слайдтар

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

30–40

Бұрынғы өтілгн материалмен жұмыс.

Баланың ой-өрісінің даму деңгейі бойынша мұғалім жеке-жеке тапсырма береді.

Жауаптары бірдей мысалдарды табыңыздар.

Дәптер, оқулық.

Тапсырмалары бар үлестірмелі карточкалар

41–45

Рефлексия.

– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

– Осы мақсаттарға жете алдық па?

– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?

– Сіз оларды өте алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу