Гүлзарлар мен көгалды алаңдар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Ауызша көбейту мен бөлудің тәсілдері

Оқу мақсаттары: 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Белсендіру.

Тақтада 18, 36,7, 35, 42, 48, 28,49, 56, 60 түріндегі сандар қатары жазылған.

Тек бөлінетіндерін ғана жазып алу керек:

1-нұсқа– 6-ға бөлінетіндер;

2-нұсқа – 7-ге бөлінетіндер.

Үлгі бойынша тексеру.

Есептеңдер. Қосындыны санға бөлуде бірнеше тәсіл қолдануға болатын өрнектердің астын сыз.

(30 + 24) : 6 = (21 + 35) : 7 = .......(40 + 32) : 8 = ....... (14 + 13) : 3 = .(28 + 12) : 5 = ..... (25 + 11) : 4 = .......

(Т.Ж)1-тапсырма. Бұл тапсырманы қатар бойынша жарыс түрінде (егер оқушылар қатар бойынша отырса) немесе топта орындатыңыз. Тапсырманы жазып қима қағазға жазып,тақтаға іліңіз.Жауапты бірінші болып орындаған оқушы гүлді гүлзарға орналастырады. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойыңыз. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай қатардың оқушысы (топтың) болса, сол қатарға (топқа) ұпай беріңіз. Барлығынан көп ұпай жинаған қатар (топ) жеңіске жетеді.

(Ж.Ж)2-тапсырманы жұпта орындатыңыз. Әр өрнекті шығарудың тиімді тәсілдері бойынша шығарады. Бұл тапсырма қосындыны санға көбейту дағдысын қалыптастыруға бағытталған. 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолданады.

(9+1)·40=10·40=400 (20+40)·6=60·6=360 (6+4)·7=10·7=70

(2+5300=7·300=2100 (50+408=90·8=720 (20+308=58=400

(Ө.Ж) 3-ші тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындалады.Орындау нәтижесін эталонмен салыстырады, тексереді және бағалайды.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріңіз.

22·4=88 660:3=220 990:30=33

220·3=660 770:7=110 990:9=110

4·12=48 820:20=41 880:40=22

40·12=480 550:50=11 110:10=11

8-12 ұпай- «Өте жақсы»

5-7 ұпай- «Жақсы»

4-1 ұпай- «Талпын» деп бағалаңыз.

(Ж.Ж) 4-тапсырманы жұпта орындатыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, бұрын орындаған жұптар өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді; өрнектегі амалдардың орындалу ретін түсіндіріңіз. Оқушылар өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі мен төрт арифметикалық амалдың (көбейту, бөлу, қосу және азайту) орындалу тәртібін анықтайды.

Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесіне негізделген санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады.

210+450:5=300 1000-880:4+120=900

640:2+354+25=699 770:70+550=561

140·2-240:6=240 900:30+280:20=44

5-тапсырма.Шаршы тәрізді көгалдың ауданын табады. Тапсырманың шартымен танысады. Не белгілі? Нені табу қажет? Шаршының ауданын қалай табуға болатынын еске түсіреді. (S = a • a, a-шаршының қабырғасы.) Қоршаудың ұзындығы 120 метр болса,бұл периметрі.Периметрі белгілі болса,бір қабырғасын тауып алып,сонан соң ауданын табамыз.Оқушылар шаршылардың ауданын топта есептейді.

а) Р=120м (а=Р:4) 120:4=30 (м)

S=?2) S=30·30=900 (м2) Ж:көгалды алаңның ауданы 900 (м2)

ә)Тіктөртбұрышты көгалдың ұзындығы белгілі -32м,ал ені одан 12 метр кем. Ол үшін бірінші көгалды алаңның енін табамыз.Содан кейін көгалды алаңның периметрі мен ауданын табады.

а=32 м

b=? , 12м кем

Р=120м S=? (м2)

b=32-12=20 (м) –ені

Р=(32+20)·2=108 (м)

S=32·20=640 (м2)

Ж: көгалды алаңның периметрі 120 метр,ауданы 640 (м2)

(Т.Ж) 6-тапсырма топта орындатыңыз. Бұл есеп қосындыны санға бөлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Есеп қосындыны санға бөлу амалын орындауға жаттықтырады және сандарды салыстыруға мүмкіндік береді. Өрнек бойынша есеп құрастырады.

а)Ш:(24+18):6=8(гүл)

Ж:әр гүлшоқта 8 гүлден болды.

ә)Өрнек бойынша есеп құрастырады.

Демалыс орнына 16 қыз бала және 28 ұл бала келді. Оларды әр бөлмеге 4 орыннан орналастырды.Балалар неше бөлмеге орналасты?

Ш: (16+28):4=11 (б)

Ж:балалар 11 бөлмеге орналасты.

(Ж.Ж) 7-тапсырма жұппен орындатыңыз.Бұл есеп заттардың қаншасы артық немесе кем екенін табуға арналған тапсырма.Жұпта талдап,есепті шығарады.бұрын шығарған жұптан бір оқушы тақтаға жаздырыңыз.

Ш:50·10-16·10=340(г)

Ж:340 гүл артық.

(Ж.Ж) 8-тапсырма жұпта орындатыңыз.Есептің берілгенін оқиды,талдайды.Не белгілі, нені табу керектігін анықтайды.Жұпта орындап дұрыс орындаған топ тақтаға жаздырыңыз.

Ш:( 6+4)·30=300 (г)

Ж: жұмысшылар 30 күнде 300 гүлзарды безендіреді.

(Т.Ж) 9-тапсырма. «Ойлан,тап!» Тапсырманы топта орындатыңыз. Топта ойласады,талдайды амалдарды орындатыңыз.Масса бірліктеріне байланысты амалдарды қолдана білуге арналған тапсырма.Тапсырмалар қағазға жазылып топқа таратыңыз.Жауаптарын параққа жазып дайын эталон арқылы тексертіп, салыстыртыңыз.

999г +1г=1000г 30г·3=90г 90г:3=30г

35г+505г=540г 50г·3=150г 600г:3=200г

1 кг-459г=541 г 300г·3=900г 800г:2=400г

(Ж.Ж)11-тапсырма жұппен орындатыңыз. Оқушылар тапсырмадағы не белгілі,не белгісіз екенін табады. Жұптағы оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап беруі немесе әрбір сұрақты бірге талқылап, өз жауабын айтады. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар басқа жұпқа бірігіп, бірін-бірі тексертіңіз.

.Ж)12-тапсырма топта орындатыңыз.Әр топқа тапсырма жазылған таратпа қағаз таратылады.Сол дайын параққа топпен ойласып , ақылдасып жауабын жазады.Жауаптарын эталон арқылы салыстыртыңыз,талдатыңыз,тексертіңіз.

Қосылғыш

40 ·3

600

2 ·200

192-9

808-8

Қосылғыш

4 ·30

3 ·50

350-60

500:5

100:10

Қосындының мәні

240

750

690

283

810

Азайғыш

900

300 ·3

900

540+150

779-70

Азайтқыш

90 ·5

480:8

600

40 ·3

350:7

Айырманың мәні

450

840

300

570

659

(Ө.Ж) Салыстыр.13-тапсырманы өз бетінше орындатыңыз.Бұрын шығарған оқушы жауабын оқиды.

60-18:6 > (60-18):6 8·2+16:4 >(8·2+16):4

36:4+1·2 <(36:4+1)·2 3·9-24:4 > 3·9-20:4

(Ө.Ж) «Тиісті таңбаны қой» 14-тапсырма оқушылар параққа жазылған өрнекке тиісті таңбалар мен жақшаларды қойып, орындатыңыз.

(7·2)-7=7 (15:3)-5=0 (2·8):4=4

(4·3)+7=19 (18:3)·2=12 (28:7):2=2

(20·4)+6=86 (5·6)·4=120 (40:4)·7=70

Рефлексия.

– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

– Осы мақсаттарға жете алдық па?

– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?

– Сіз оларды өте алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу