Гүлзарлар мен көгалды алаңдар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері

Оқу мақсаттары:100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Сабаққа қатысты деректі материалдар:

100 көлемінде көбейту мен бөлу – көбейту кестесі туралы білімін және жақшалы, жақшасыз мысалдарға амалдардың ретін анықтайтын дағдыларын қолдану қарастырылған.

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Қане тәртіп сақтайық

Тез есептеп аттайық

Алға қадам басқанда

Батылдықпен аттайық

Белсендіру.

«Иә», «Жоқ» әдісі арқылы ауызша есептеуге бірнеше мысал тапсырма орындалады.

-50 мен 10-ның көбейтіндіс 500-ге тең –«иә»

-200 бен 20-ның бөліндісі 100-ге тең- «жоқ»

-27 мен 10-ның көбейтіндісі 270-ге тең-–«иә»

-400 бен 20-ның бөліндісі 100-ге тең- «жоқ»

(Т.Т) «Гүл жинау» ойыны.1-тапсырма . Бұл тапсырманы қатар бойынша жарыс түрінде (егер оқушылар қатар бойынша отырса) немесе топта орындатыңыз.Тапсырманы таратып беріңіз. Тапсырманы тез есептеп тек жауабын ғана жазады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай топтың оқушысы болса, сол топқа ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

300:10=30 240:8=30 1000:5=200 20·5=100

50·2=100 80:4=20 90·3=270 1000:5=200

(Ж.Ж) «Тиінге көмектесу» ойыны.2-тапсырма жұпта орындатыңыз.Жұпта талқылап,есептеп жауабын эталоннан тексереді. Тапсырма дөңгелек сандарды бөлу дағдысын бекітуге бағытталған.

7·90=630 3·70=210 300:5=60

5·60=300 7·9=630 810:9=60

(Ж.Ж) Орындап көр. 3-тапсырма жұпта орындатыңыз. Оқушыларға ауыспалы жұптық құраммен жұмыс жасайды. Тапсырманы параққа орындайды. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Оқушылар амалдардың орындалу тәртібі анықтап орындайды Есепті шығарып болған соң, барлық нәтижелерді салыстырады, өйткені оқушылардың есептеу нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Барлық жауапты тексеріледі.

(Оқушылардың тапсырманы орындау барысында, қиындыққа кезіккен оқушыларға көмек көрсету.)

(209-59):50=3 700:(606-506)=7

1000:(46+54):5=2 (867-67):100·3=24

50·5+(506-500) =256 480:8+(440+90) =590

4-тапсырма. Көгалдың периметрі белгілі болса, қабырғаларының ұзындығын тауып, ауданын табу үшін бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Периметр – фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.Ендеше,периметрі арқылы бір қабырғасын тауып, ауданын табады.

а)Ш:36:4=9(м) 9·9=81(м2) Ж: алаңның ұзындығы 9 метр,ауданы 81(м2)

Оқушылар шаршының ауданын қалай меңгергенін анықтау үшін, келесі сұрақтарды қойылады.:

• Шаршының ауданын қалай табамыз?

• Аудан белгілі болғанда шаршының қабырғаларының ұзындығын қалай табамыз? • Шаршының ауданын қандай өлшем бірліктермен өрнектеуге болады: см2, мм2, дм2,см ,м

ә)1000:50 =20(м) (50+20)·2=140 (м) Ж: алаңның ені 20метр, периметрі 140 метр

(Ө.Ж) 5-тапсырма.Шығарып көр . Бұл тапсырманы өз беттерінше орындатыңыз.Оқушылар есептеу дағдыларын бекітеді. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай топтың оқушысы болса, сол топқа ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

418 589 647 259

+ 363 + 324 + 288 +487

781 913 935 746

6-тапсырма.Тапсырма жұпта орындатыңыз.

а)Тіктөртбұрышты атыздың ені белгілі,жиналған өнімнің салмағына қарап,атыздың ұзындығын табады.

-Не белгілі?

-Нені табу керек?

Атыздың ені 2 метр болса,әр квадрат метрден 6 кг қызанақ болса, 48 кг қызанақ жинады. Онда 48 кг қызанақты қанша квадрат метрден жинаған.Ол үшін 48-ді 6-ға бөлеміз . атыздан 48 кг қызанақты 8 квадрат метрден жинаған. Сонда атыздың ауданы 8 м2 болған. Ендеше, атыздың ауданын табу үшін 8-ді 2-ге бөлеміз.Сонда атыздың ұзындығы 4 метр болған

Ш:48:6=8 (м2)

8:2=4 (м)

Ж: атыздың ұзындығы 4 метр

7-тапсырма. Екінші тапсырманы орындауды да жарыс түрінде өткізіңіз. Әрбір қатардан (топтан) бір-бір оқушыдан шығады. Олардан теңдеуді шешуді жарыса отырып, тез және дұрыс орындауы керек. Содан соң оқушы теңдеуді шешкеннен кейін, қай компоненттің белгісіз болғанын және оны қалай тапқанын айтады. Егер тақтадағы оқушы қиналса, оған сол қатардың (топтың) мүшесі көмек көрсете алады.

х +532=852 720:х=8 161-а=151

х=852-532 х=720:8 а=161-151

х=320 х=90 х=10

320+532=852 720:90=8 161-10=151

852=852 8=8 151=151

8-тапсырма. «Өрнек құрастыр» Оқушылар өрнек құрастырып, оның мәнін жұппен орындатыңыз. Олар алдымен мысалдарды жұпта талқылап, содан кейін өз беттерінше дәптерге жазады.

90·3+50·7=620

42·10+6·5=450

51·10+9·3=537

Тапсырманы орындаған соң, жұптар арасында бірін-бірі тексереді.

Кері байланыс

«Ыстық орындық» әдісі арқылы кері байланыс беру.

-Периметр деген не?

-Шаршының ауданын қалай табады?

-Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?

-Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу