Уақытты өлшеу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2В бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Уақытты өлшеу

Оқу мақсаты

1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

 Сабақтың мақсаттары

2.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағаттар және минуттар

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • сағаттың макеті арқылы әрекеттің басталу және аяқталу уақытын анықтайды.

 Тілдік мақсат

Сөйлеу барысында уақытқа қатысты сөздерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу

Алдыңғы білімдер

Уақыт туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Сабақтың басында сұрақтар арқылы өткенді қайталап, проблемалық сұрақ қою арқылы сабақтың мақсатын қою (2-4 слайд).

Сабақтың ортасы

(Т) Топтық жұмысты ұйымдастыру. Оқушылар сағаттың макетін пайдалана отырып, уақытты есептеп, тапсырманың сұрақтарына жауап береді. Барлық топ үшін бірдей, әр топқа 2 тапсырмадан беріледі:

А. Сыныптастар киноға барды. Кино 5 сағат 00 минутта басталды да, 1 сағат 10 минутқа созылды. Сыныптастар кинозалдан қаншада шықты?

Ә. Анасы самолетпен сағат 3-те Қостанайдан Астанаға ұшып келді. Ұшу уақыты 1 сағат 20 минутқа созылды. Самолет қай уақытта Қостанай қаласынан ұшып шыққан?

Жауапты тексеруді топтар арасында бірін-бірі тексеру формасында жүргізу. Жауапты тексерген соң оқушыларға тапсырманы орындау кезінде уақытты қай бағытқа қарай есептегенін сағаттан көрсетуін сұраңыз. Оқушыларды егер оқиғаның басталғанынан есептер болсақ онда сағат тілі бағытымен, ал аяқталғанын сағат тілі бағытына қарсы есептейміз деген пікірге жетелеу.

Қандай да бір әрекеттің өту уақытын (оқиғаның жалғасуын) сағатпен және минутпен өлшейтінін, есептеу нүктелері әрекеттің басталуы немесе әрекеттің аяқталуын түсінуге. Оқушыларды қай жағдайда әрекеттің басталуынан, қай жағдайда – аяқталу уақытынан есептеу керектігін (егер оқиғаның басталғанынан есептер болсақ онда сағат тілі бағытымен, ал аяқталғанын сағат тілі бағытына қарсы есептейміз) деген пікірге жетелеп, уақыт та шама екенін айту (5-7 слайд).

Жаңа тақырып материалын бекіту.

(Т) «Қанша уақыт өтті? тапсырмасын орындату үшін топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар сол жақ сағаттағы уақыттың басталуы мен оң жақ сағаттағы уақыттың аяқталу уақытын анықтайды. Олар сағаттың макетін қолданады: сағаттың тілін сол жақтағы сағаттың тіліндей етіп орналастырады да, оны оқ жақтағы сағат тіліне сәйкес келгенше жылжыта береді. Сонымен қатар үнемі уақытты санап, дауыстап айтып отырады.Топ мүшелері бірігіп уақытты санап, жазып отырады. Кері әрекетті орындап, оның дұрыстығын тексеруді ұсыну: оң жақ сағаттағы уақыттан кері қарай жауаптағы санды есептеу, сонда сол жақ сағаттағы уақыт шығуы керек.

а) 1 сағат 20 минут;

ә) 2 сағат 5 минут;

б) 1 сағат 45 минут.

(Ө) «Шығарып көр». Бұл тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыну. Сағаттың макетіне жаңбырдың басталу уақыты – сағат 10-ды белгілейді. Сағат тілін оңға 1 сағатқа, содан соң 25 минутқа (жаңбыр жауған аралық) жылжыта отырып, 11 сағат 25 минутты есептейді, бұл – жаңбырдың аяқталған уақыты. Жаңбыр таңертеңгі сағат 10-да басталып, 1 сағат 25 минут бойы жауды. Жаңбыр қай уақытта тоқтады? (Өзіндік жұмысты орындау барысында тапсырманы жылдам орындаған оқушыларға қосымша тапсырма ұсыну)

(Ж) Оқушыларға жұппен ойнауды ұсыну. Оқушылар оқулықта берілген ереже бойынша ойнайды. Дұрыс жауапқа фишка алады. Кімде фишка көп болса, сол жеңімпаз атанады.

(Қ) Оқушылар сағаттың суретіне қарай отырып, қанша уақыт

өткенін анықтайды да, оң жақтағы сағаттін тілін соған сәйкес етіп салады.

2 сағ 30 мин.;

5 сағ 50 мин.;

12 сағ 25 мин.

Іс-шаралардың басталу уақытын анықтау. Тапсырма алдыңғыға керісінше: оқушы сағаттың суреті арқылы оң жақтағы уақыттан іс-әрекеттің басталған уақытын табады. Нәтижесін сол жақтағы сағатқа сағаттық тілді дұрыс орналастыру арқылы көрсетеді.

6 сағ 5 мин.;

6 сағ 55 мин.;

4 сағ 25 мин.

Сабақтың соңы

Сабақты сұрақтар қою арқылы қорыту:

  • Жанат мектептен 4:00-де шықты. Ол үйге дейін 30 минут жүрді. Жанат үйге қаншада келді?

- Бақыт саябаққа 2:45-те келді. Ол 30 минут қыдырып, үйге қайтты. Ол үйге қаншада келді?

- Құралай кітапты 8:30-да оқып бастады. 30 минуттан кейін 15 минутқа үзіліс жасады да, оқуын жалғастырды. Ол оқуын қаншада жалғастырды?

- Қайрат тіс дәрігерінің қабылдауына 11:40-қа жазылған. Ол дәрігерге дәл уақытында кірді. Ал дәрігерден шыққанда сағат 12:05-ті көрсетті. Қайрат тіс дәрігерінде қанша уақыт болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Өзіндік жұмысты орындау барысында тапсырманы жылдам орындаған оқушыларға қосымша тапсырма ұсыну.

Мадақтау айту, смайл беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 4-5 минут шамасында қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу