16-сабақ. Көлемді өлшеу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Ф.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

16-сабақ. Көлемді өлшеу

Оқу мақсаты:

4.1.3.1 - көлемі болатын нысандар мен кеңістіктік геометриялық фигураларды атау, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдау,текшелермен (1см3 ) өлшеу;

Бағалау критерийлері

Кеңістік фигуралар және көлемнің өлшем бірліктері туралы білімді қолданады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Текшенің барлық қырларының ұзындығы бірдей. Текшенің көлемін есептеу формуласы: V = a · а · а немесе V = a³.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

-Жазық фигураның неше өлшемі бар?

- Кеңістіктік фигуралардың неше өлшемі бар?

-Жазық фигураларының кеңістік фигураларға қандай қатысы бар?

Құндылықтар

Өзіне –өзі құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көлем туралы біледі.Оның биіктігі,ұзындығы,ені болатынын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кіріспе тапсырма. Геометриялық фигураларды тарату арқылы топтарға бірігу.Әр топ өз фигураларына зерттеу жұмысын жүргізу.Фигуралардың ұқсастығын, айырмашылығын және жазық фигуралардың кеңістік фигуралардан айырмашылықтарын атау.

Әр шағын топта кестелерді толтыру:

зат

өлшемнің саны

Фигуралардың өлшемдерін көрсету және кестеге жазу. Нәтижесін топ болып таныстыру. Оқушыларды көлемді фигуралардың үш өлшемі болатыны туралы қорытынды жасауға бағыттау.

Фигураның көлемін есептеу не үшін керек екенін , оны өмірде қай кезде қолданылатынын сұрау.

(Ұ)Көлемді фигуралар. Көлемді фигуралар қандай бөліктерден тұратынын, фигуралардың жақтары қандай геометриялық фигуралардан тұратынын, (тіктөртбұрыш, шаршы) төбелерінің санын, (4) қабырғаларының санын,(12)

ұзындықтары бірдей қырларының санын, (4 + 4 + 4=12).

ұзындықтары әртүрлі неше қыры бар екенін сұрау.(3)

Оқушыларға жауаптарын дәлелмен түсіндіру керек екенін ескерту.

Текшенің көлемін есептеу формуласын тұжырымдау:

Тікбұрышты параллелепипедтің 3 қырының ұзындықтары әртүрлі. Оларды тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп атайды: ұзындығы, ені, биіктігі. Егер тікбұрышты параллелепипедтің көлемін –V, ұзындығын – a, енін – b, биіктігін-с арқылы белгілесек, онда V = a · b · с

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін оның үш көлемін есептеу формуласы:

V = a · а · а  немесе V = a³.

(Ж)Фигуралардың өлшемдері. Тапсырма дұрыс параллелепипедтің үш өлшемі (ұзындығы, ені, биіктігі) болатынын түсінуді бекітуге арналған. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды, жауаптарын басқа жұппен бірге талқылайды. Соңында сандарды әріптермен алмастырады және оны негіздеп түсіндіреді.

Жауабы: а) ұзындық – 8 см (а), ені – 3 см (b), биіктік – 6 cм (с); ә) текшенің барлық қырлары тең, қыры – 5 см (а).

(Ж)Орындап көр. Жұпта тапсырманы талқылайды.. Талқылаудан кейін оқушыларға жауаптарын таныстырады: А2 пішімді қағазға маркермен немесе тақтаға жазып көрсету.

Үш теңдік шығуы керек: a = V: (b · с); b = V: (а · с); с = V: (а · b).

(Ө)Белгісізді тап. Тапсырманы орындау барысында оқушылар ұзындық, ені және биіктіктің өзара байланысы туралы білімін қолданады. Кестені толтырғаннан кейін, әр бағандағы деректердің қай суреттегі затқа сәйкес келетінін табу.

Жауабы:

6 дм · 4 дм · 5 дм = 120 (дм³) – қораптың көлемі;

12 м³ : (2 м · 3 м) = 2 (м) – жеделсаты қорабының ені;

420 см³: (20 см · 7 см) = 3 (см) – қаламсауыттың биіктігі.

(Ө)Шығарып көр. Тапсырма өзіндік жұмыс ретінде беріледі.

Есеп белгілі үш өлшемі бойынша көлемді есептеу формуласын қолдануға берілген. Екінші есепте тереңдікті биіктік ретінде алуға болатынын түсіндіру.Есептерді шығаруда қандай қиындық болғанын сұрау. Оқушылардың түсінбеген жерін бір-біріне көмектесу арқылы немесе мұғалімнің көмегімен түсіндіру.

Жауабы: а)72 · 5 см³=360 см³- қораптың көлемі

ә) 4500 дм³ :180=25 дм³-1 кірпіштің көлемі.

(Т) Ойлан. Тапсырманы шағын топта бірлесіп орындау. Оқушылар көлемі бар фигуралардың жақтары, көлемі туралы білімін қолданады. Топта талқылаудан кейін топтың бір немесе екі мүшесі тақтаға шығып, жауабын таныстырады.

Бағалау. Оқушылар белгі беретін кеспеқағаздар көмегімен белгі беріп бағалау (қызыл, жасыл).

Жауабы: Шаршылардың саны – 6, себебі 6 жағы бар; тіктөртбұрыштардың саны – 6.

Егер текшенің көлемі 27 см³ болса, оның қырының ұзындығы 3 см. Егер параллелепипедтің көлемі 27 см³ болса, оның қырларының ұзындықтары а = 9 см, b = 3 см, с = 1 cм немесе

а = 9 см, b = 1 см, с = 3 cм.

Кері байланыс. «Кеме» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Құмды жағалаудың суреті ілінеді.Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемені теңізге орналастырады.Ал,сенімсіз оқушылар кемені құмды жағалауға орналастырады.

Геометриялық фигуралар

3-4-слайд

Геометриялық

фигуралар

5-6-7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу