Су – тіршілік көзі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, презентация.


Су – тіршілік көзі

«Шаттық

шеңбері»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Оқу мақсаты:

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақ мақсаты:

Су тақырыбына қатысты сөздер мен сөз тіркесіннің мағынасын меңгеру;

Тәжірибеде меңгерген сөздерді қолданады;

Берілген сұрақтарды түсініп, жүйелі жауап береді;

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін

Айтылым тапсырмасы

1-тапсырма:

«Миға шабуыл»

Балалар, су қандай зат?

Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?

Судың пішіні бар ма?

Судың дәмі бар ма?

Суға қантты немесе тұзды қоссақ, дәмі өзгереді ме? (Суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.)

Судың түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?

2-тапсырма:

«Суретке қарап, сөйлеп көр»

2.Жер шарындағы судың үлесі (су, жер, өзен, көл, теңіз, мұхит, тұщы су, ащы су, ауыз су т.б.)

1.Судың күнделікті өмірде қолданылуы туралы (жуыну, тамақ пісіру, тазалау, ішу, қолдану, пайдалану )

4.Судың күйлері (иіс, дәм, түс, мұз, қатты, газ, сұйық, қайнау, булану )

3.Су айналымы (булану, жаңбыр, бұлт, қар жауу, өзен, көл, жер асты сулары, су айналымы)

* Сіз бүгінгі оқу мақсатына жеттім деп санайсыз ба? Неге?

* Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге?

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу