Әдепті бала - арлы бала (қайталау сабағы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

  • САБАҚ: 15-сабақ
  • Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні: М.Б.Тулегенов
  • Сынып: 5
  • Қатысқан оқушылар саны: 10
  • Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әдепті бала - арлы бала (қайталау сабағы)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау

Сабақтың мақсаттары

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

Дифференциация

Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді; қажетті ақпараттарды анықтай алады. Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады; сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.

 Бағалау критерийі

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тыңдалған мәтін бойынша ақпараттарды анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала, өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала т.с.с.

Алдыңғы оқу

Сұрақтарға еркін жауап беріп, көзқарастарын білдіру дағдылары қалыптастырылды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

«Деталь» ойыны.

Сыныпты топқа бөліп, шығарманың ішінен белгілі бір детальдарды береміз. Олар сол детальдар арқылы көркем шығармадағы сюжетті табады.

Топтарға берілетін сөздер:

І топқа «Сөмке», «Майқанова апай», «Бақа»;

ІІ топқа «Қант», «Көк көз келіншек», «Оқулық»;

ІІІ топқа «Жанар», «Дойбы», «Қожа».

Тыңдалымалды тапсырма:

ТЖ.

Топтарға А3 парағына Қожаның бойындағы қасиеттерін жазу тапсырылады.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдаңыздар.

(«Менің атым – Қожа» фильмнен 45:04-46:25 аралығында үзінді көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=JQz1_Zi3JO0 )

Тыңдалым тапсырмасы:

Клоуз-тест (дәптермен жұмыс)

Қожаның ................. бағасы жоқ.

Қожаға «............ бол!» дейтіндер көп.

Қожа бақаны ................... үшін салды.

Өзінің түзелетінін айтып, талай рет ............ берді.

Қожа істеген .................................. ұялады.

Пайдаланытын сөздері:

Үштік, жақсы, қызық, уәде, қылықтарына.

Қағаз, қалам

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

ТЖ.

«Менің атым Қожа» повесінің басты кейіпкері образын ашатын сөздерді анықтау.

  • Қожа ‒ алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала
  • Қожа ‒ өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала

«Бұл кім?» стратегиясы

1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш кім? (Жантас)2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)6. Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

Сергіту әрі сабақты бекіту кезеңі.

«Мен Қожамын»

Әр топтан өз Қожасы таңдалынып, ортаға шығады. Оларға топ ішінен кейіпкерлер атынан оқушылар сұрақ қояды. Мәселен, Майқанова апай «Менің сөмкеме бақаны не үшін салдың?» т.с.с. сұрақтар қойылады.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі

Сөздер мен сөз тіркестері

Слайд

бағалау парағы

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

“Повестен алған әсерім” (әсерін қысқаша жазу).

Үйге тапсырма: Қожаға хат жазып келіңіздер.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу