Ұландар мерекесі №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұландар мерекесі №5

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мәтіндегі іс-әрекетті нақтылау үшін, мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

мәтіндегі іс-әрекетті нақтылау үшін, үлгі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Оқушылардың кейбірі:

мәтіндегі іс-әрекетті нақтылайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Бағалау критерийлері

  • Сұрақтардың мағынасын ажыратады;
  • сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Лексикалық минимум

Жаңалық, мәлімет

Грамматикалық минимум

Сұраулы есімдіктер

Нені? Несін? Кімдерді? Не істеуге?

Жіктік жалғау

Мен қорғай+мын

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Шеруге шығамыз №4

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Балалар бос уақытында қандай іспен айналысатынын айтады.

- Сен бос уақытында немен айналысасың? Неге?

Ой шақыру

(ЖЖ) Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.

1. Суретте кімдер бейнеленген?

2. Ұландар күнін қашан тойлайды?

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • сұрақтардың мағынасын ажыратамын;
  • сұрақтарға дұрыс жауап беремін.

 Слайд

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздер

) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту

Жаңалық – мәлімет, ақпарат

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Жіктік жалғауды қайтала.

Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.

Жекеше:

Мен қорғаймын

Сен қорғайсың

Сіз қорғайсыз

Ол қорғайды

Көпше:

Біз қорғаймыз

Сендер қорғайсыңдар

Сіздер қорғайсыздар

Олар қорғайды

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Мәтінді екі рет тыңдайды. Бірінші тыңдағанда тірек сөздерді жазып аладыы. Екінші тыңдаған соң тірек сөздерге сүйеніп мазмұнын айтады.

2-тапсырма:

(ЖЖ) Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырманы орындамас бұрын сұрақтармен танысады. Мәтінді тізбектеп дауыстап оқиды. Сұрақтарды талқылайды.

7 мамыр – Ұландар күні. Ұландар Отанды қорғайды. Ұландар – батыр. Ұландар Қазақстанның шегарсын қорғайды. Біз оларды мақтан тұтамыз. Бұл күні біз атамызды, әкемізді, ағамызды, бауырларымызды құттықтаймыз. Оалар қашан да Отан қорғауға әзір. Отан Қорғаушылар күні құтты болсын!

1. Ұландар не істейді?

2. Ұландар мерекесі – қай күн?

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма?

3-тапсырма:

(Ж) Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жаз.

Тапсырманы мұқият оқиды. Қосымшаларды талқылап, көп нүктенің орнына қойып ұқыпты жазады. Жұптар жұмыстарымен алмасып өзара бағалайды.

Біз оларды мақтан тұта... . Бұл күні атамызды, әкемізді, ағамызды, бауырларымызды құттықтай... . Үлкен болғанда біз де Отанды қорғай... .

Тиісті қосымшалар: - мыз, - ды

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

4-тапсырма:

(Ж) Сұрақтардың орнына қажетті сөздерді қойып, жаз.

Тапсырмадағы сұраулы сөздерді талқылайды. Түсінбегенін сұрайды. Сұраулы сөздердің орнына қажетті сөздерді қойып толық көшіреді. Жұмысты мұғалімге бағалауға тапсырады.

1. Ұланда (нені?) қорғауға әзір.

2. Ұландар Қазақстанның (несін?) қорғайды.

3. Бұл күні біз (кімдерді?) құттықтаймыз.

4. Олар қашан да Отанды (не істеуге?) дайын.

Қажетті сөздер: шегарасын, Отанды, атамызды, әкемізді, қорғауға

Дескриптор:

сұрақтардың мағынасын түсінеді;

сұрақтардың орнына дұрыс жауап қояды.

 Слайд

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы, 107- бет

 

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

108-бет,

5-тап

«Көкжиек» оқулығы,

108-бет,

4-тап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Идеялар себеті»

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

108-бет, 3-тапсырма (ауызша).

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу