8-сабақ. Тұңғыш ұстаз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 8-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ұстаз

 

 Сабақтың мақсаты:

 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

 3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

 3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.

 4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

 3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.

 Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, марапаттау қағаздары.

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсінеді;
  •  мәтінге атау беріп, сөйлем мазмұнына сәйкес сұрақ қояды;
  •  мәтінді жазбаша мазмұндайды.

Сабақтың басы.

Үй тапсырмасы «Марапаттау» ойыны арқылы сұралады. Әр оқушының «Абай – ұлы ақын» тақырыбында дайындаған постерлерін тексеріп, сәтті, ұтымды жасалған постерлерге марапаттау қағазын тапсырыңыз.

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтағы сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын болжатыңыз.

1

2

3

4

5

6

 Сөзжұмбақ негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:

1. Тәрелке, кесе, қазан – осылардың жиынтық атауы қандай?

2. Өзен, көлдерде не болады?

3. Мектепте оқиды?

4. Немен сурет саласыңдар?

5. Жеміс атауы?

6. Қонжық, қуыршақ – жиынтық атауы қандай?

– Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде ортадағы қарамен белгіленген төрбұрыштарды тігінен оқыған кезде қандай сөз шықты?

– Ыбырай.

– Олай болса, тұңғыш ұстазымыздың толық аты-жөні кім? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Оқушылар сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

 Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғалары» негізінде жаңалық, әңгіме сөздерін суреттер арқылы, мысал мен анықтама беру арқылы меңгертіңіз.

 

 Оқылым. Суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқыңыз, оқушылар соңыңыздан қайталасын: Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі. Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш ұстаз.

 Тыңдалым. Оқушыларға диалогті тыңдатып, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтатыңыз.

 

Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

Ыбырай Алтынсарин – мүсінші.

Ыбырай Алтынсарин – ұстаз.

Ғалымның мұражайы Семей қаласында орналасқан.

Ғалымның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.

Оқылым. Оқушыларға мәтінді оқытыңыз. Оқылым кезінде орфоэпиялық нормалар сақталынуы тиіс. Мәтінге қандай атау беруге болатынын сұраңыз.

  • Ыбырай Алтынсарин
  • Ұлы ұстаз
  • Балалар әдебиетінің атасы

Грамматикалық қоржын. Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беріңіз.

Кім?

Ыбырай Алтынсарин

Не істеді?

Жаңалық әкелді.

Кімдер?

В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский

Не істеген?

Дос болған.

 

Айтылым. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Диалогтегі жауаптарымен танысып, оларға сәйкес сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз. Келесі дескрипторды ескеріңіз:

  • жауапқа қатысты сұрақтың қойылуы;
  • сұрау есімдіктерінің, етістік сұрақтарының дұрыс қолданылуы.

Оқушылардың жауаптарын формативті түрде бағалаңыз: жұлдызша – бес; төртбұрыш – төрт; үшбұрыш – үш.

Сергіту сәті. «Алма, шие, өрік, банан»

Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғассын. Оқушылар арасынан жүргізуші сайлаңыз. Ол оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады. Мысалы, «алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «шие!» деп, не «алма, өрік!» деп, немесе «алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал жүргізуші бос қалған орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

Жазылым. Оқушыларға суретке қарап, үлгіге сүйеніп, тірек сөздерді пайдаланып, өз мектебі мен Ыбырай Алтынсарин салдырған Торғай қаласындағы мектепті салыстырып, әңгіме құрап жазуды тапсырыңыз. «Талдау» әдісін қолдану керек:

1. Салыстыр

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығын тап.

Ол үшін алдымен суреттер көрсетіңіз:

Тірек сөздер: жаңа, ескі, алғашқы, бір қабатты, көп қабатты, әдемі, кең, тар, биік, ағаштан, тастан, тұрғызылған, қаланған, орналасқан қазақ даласы, Торғай қаласы, Астана қаласы.

Үлгі: Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп бір қабатты.

Тапсырма төмендегідей дескрипторлар арқылы бағаланады:

  • тірек сөздерді дұрыс пайдалануы;
  • сөйлем құрылысының дұрыс болуы.

Рефлексия. «Сабақтан соңғы көңіл күйім» стратегиясы. «Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің?» деп сұрау арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақты: 1) білгендігін, үйренгендігін; 2) қиындықтар кездесіп, бірақ жеңе білгендігін; 3) толықтай түсінбегендігін бағамдайсыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу