Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері. Геометрия, 7 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы

Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері

Оқу мақсаттары

7.3.1.27 тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану;

7.3.3.9 300 бұрышқа қарсы жатқан катеттің қасиетін қолданып, есептеуге және дәлелдеуге есептерді шығарады;

Сабақ мақсаттары:

- тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу;

300 бұрышқа қарсы жатқан катеттің қасиетін қолданып, есептер шығару

және дәлелдеуге есептерді шығару;

Бағалау критерийлері:

- тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білсе;

- тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін есеп шығаруда қолданса;

- 300 бұрышқа қарсы жатқан катеттің қасиетін қолданып, есептер шығарса

және дәлелдеуге есептерді шығарса.

Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері:

Қасиеттері:

Тікбұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең.

Тікбұрышты үшбұрышта 300 -қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.

Егер тікбұрышты үшбұрышта катеттің ұзындығы гипотенузаның жартысына тең болса, онда сол катетке қарсы жатқан бұрыш 300 –қа тең болады.

2. Тікбұрышты үшбұрышта 300 -қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.

Практикалық жұмыстар

Жалпы сыныппен орындалатын жұмыс тапсырмалары

№1. Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 60°, ал гипотенуза мен

кіші катетінің қосындысы 18 см. Гипотенузаны және кіші катетін табыңыз.

2. ABC тікбұрышты үшбұрышында ∠C=90° және ∠A=30° және CM

медианасы мен ΔCMA үшбұрышының MD биссектрисасы жүргізілген.

BC=23см болса, MD табыңыз.

3. АВС үшбұрышында ∠В = 900 , ВD – биіктік, АВ = 2ВD.

3АС = 4АD болатынын дәлелдеңіз.

Жұптық жұмыс тапсырмалары

Жеке жұмыс тапсырмалары

№1. АВС үшбұрышында ∠С = 900 , ∠В = 400 . АВ және ВС қабырғаларынан

D және Е нүктелері белгіленген , ∠ЕАD = 50 , ∠ЕСD = 100 . ЕDС табыңыз.

№2. Тік бұрышты АВС үшбұрышының АВ гипотенузасынан Е нүктесі,

ал D нүктесі үшбұрыштың ішінен алынған. EM = DS болатынын

дәлелдеңіз.

Үй тапсырмасы:

Рефлексия:

- нені білдім;

- нені үйрендім;

- білімімді қай салада толықтыруым қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу